«Адам хроно-топосы» еңбегіндегі сөз бен жанның хроно-топосы

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Мақалада философ ғалым Б.Е. Колумбаевтың «Адам хроно-топосы» атты жаңа ғылыми еңбегіне талдау жасалған. Ғалым аталған еңбегінде адам болмысы, əлем, кеңістік пен уақыт, дүниетаным мəселелерін өте терең қарастырған. Автор мақалада қазақ философиясындағы осындай күрделі мəселелерді жан-жақты зерттеуге арналған «Адам хроно-топосы» еңбегінің маңыздылығын сөз еткен. Адамзаттың шынайы болмысы туралы ойлар қашанда да қоғамда өзекті болып саналады. «Адам хроно-топосы» еңбегіндегі адамның жаны мен тəні, рухы, санасы, шектелген уақыттағы шексіз мүмкіндіктері қазақ халқының дүниетанымдық еркіндігін сезіндіреді. Б.Е. Колумбаев жаратылыс, уақыт, кеңістік, таным, сана, дүниеге көзқарас сияқты көптеген философиялық ұғымдарға өзгеше интерпретация берген. Адамзат баласының өмір жолында туындайтын мыңдаған сұрақтарға жауап беруге тырысады. Адам баласы құбылыс па əлде мəн бе, оның жанын мазалайтын түрлі сауалдардың жауабын беруге ғылым неге дəрменсіз. Аталған еңбекте адамзатты дұрыс ойлауға үйрету арқылы адам болмысының мəнділігін ашуға болатыны айтылған. Яғни, дүниені тану арқылы адам өз жанының қалауына қол жеткізеді. Ақиқаттың аспектілері адам тұтас əлемнің кішкентай ғана бөлшегі, күнаһар пенде, болмашы тіршілік иесі екендігін көрсетеді. «Адам хроно-топосы» еңбегі арқылы ол адам баласы рухани кемелдікке, тазалыққа, жақсылыққа, ар-ұждан, ар-намысы биік, ерлік жасауға ұмтылған сайын ақиқатқа жақындай түсетіндігін түсіндіруге тырысады. Ғалымның осы еңбегі философия ғылымындағы үлкен жаңалық деп есептейміз. Себебі, философиялық тереңдікке толы еңбектің мазмұнында адам мен əлемнің қатынасы, өмір сүру мен мəнді өмір сүрудің жолдары айтылған.

Description

Citation

Никамбекова А.Б. «Адам хроно-топосы» еңбегіндегі сөз бен жанның хроно-топосы/А.Б. Никамбекова//Қарағанды университетінің хабаршысы. «Тарих. Философия» сериясы.-2022.- № 4(108). – б. 332-338.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By