Қауіпсіздік саласындағы Қазақстан Республикасының көпжақты дипломатиясына қатысты құжаттардың дерек ретіндегі рөлі

Abstract

Қазіргі кезеңдегі жаһандану жағдайында халықаралық жəне аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мəселелері өзекті болып саналады. Осындай жағдайда Қазақстан Республикасының аймақтық жəне халықаралық ұйымдар шеңберіндегі көпжақты дипломатиясын қамтитын дипломатиялық құжаттардың деректік маңыздылығын анықтау қызығушылық танытады. Авторлар мақалада халықаралық жəне аймақтық ұйымдардың қауіпсіздік саласы бойынша ынтымақтастығының маңызды дипломатиялық құжаттарына талдау жасады. Дипломатиялық құжаттардың мазмұнын талдау арқылы дипломатиялық құжаттардың деректік рөлі дəлелденді. Мақаланың ерекшелігі ретінде 2018 ж. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының қауіпсіздік саласына қатысты қабылданған декларациясына талдау жасалғандығын атап көрсетуге болады. Авторлар дипломатиялық құжаттардың мазмұнын талдау барысында контент-талдау, салыстырмалы-талдау əдістерін қолданды. Қауіпсіздік саласы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында дипломатиялық құжаттарға сүйену қажеттілігі ұсынылды

Description

Citation

Стамбулов C.Б. Қауіпсіздік саласындағы Қазақстан Республикасының көпжақты дипломатиясына қатысты құжаттардың дерек ретіндегі рөлі /С.Б. Стамбулов, А.А. Ускембаева, Ж.А. Карсыбаева //Қарағанды универисетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия=Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series.-2018.-№3. Б.79-86

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By