Құлпынай түрлерін зақымдайтын Botrytis cinerea саңырауқұлағын зерттеу

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Мақала жидектердің ішінде сұранысқа және пайдалы қасиеттерге ие құлпынай жемісінің түрлерін зақымдайтын зиянды патогенді саңырауқұлақ сұр шірік ауруының қоздырғышын зерттеуге арналған. Зерттеу жұмысының мақсаты — Fragaria moschata жемісінің зиянды патогенді қоздырғышы Botrytis cinerea саңырауқұлағын бөліп алып, оны жан жақты анықтау. Яғни, патогенді саңырауқұлақ өсіндісін бөліп алып, оны молекулалық-генетикалық әдіспен идентификациялау және патогенділігін қайта инокуляциялау арқылы айқындау. Сұр шірік ауруы құлпынай өсімдігін тек вегетациялық кезеңде ғана зақымдамай, сонымен қатар жинағаннан кейінде өнімнің сапасын нашарлатып, орасан зор зиянын тигізеді. Сондықтан, зиянды саңырауқұлақ қоздырғыштарын анықтап, жан-жақты зерттеу аурудың алдын алып, онымен күресу шараларын ұйымдастыруға практикалық маңызы зор. Зақымдалған құлпынай жемістерінен қатты қоректік ортада өсіру арқылы жинақтаушы және таза өсінділерді изоляциялап, морфологиялық-өсірінді және молекулалық-генетикалық әдістер арқылы идентификациясы жасалды, талдау нәтижесінде 99,62 % Botrytis cinerea түрімен сәйкес болды. Патогенділік қасиеті құлпынай жемісінде инокуляциялау арқылы дәлелденді. Еліміздің құлпынай алқаптарына айтарлықтай зиян келтіретін патогенді саңырауқұлақ — Botrytis cinerea саңырауқұлағы заманауи молекулалық-генетикалық әдіс арқылы иедентификацияланып, ары қарай онымен күресудің шараларын ұйымдастыруға негіз болады.

Description

Citation

Құлпынай түрлерін зақымдайтын Botrytis cinerea саңырауқұлағын зерттеу / Исмагулова А.Б.[т.б.] // Қарағанды университетінің хабаршысы. «Биология. Медицина. География» сериясы. – 2023. – № 1(109). – б. 61-68.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By