Қазақ хандығы дəуіріндегі əйелдердің қоғамдық-саяси рөлі (ХV-ХІХ ғғ.)

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарУ баспасы

Abstract

Қазақ хандығы — ұлттық мемлекетінің бастауы. Қазақ қоғамы тарихын зерттеп, зерделеуде əртүрлі тақырыптар мен мəселелер жан-жақты, əлеуметтік, саяси, экономикалық, рухани мəдениет пен ұлттық идеология да қамтылуы тиіс. Тарих өткеннен алатын тəлім мен өнегенің қайнар көзі. Қазақ қауымының əлеуметтік өмір тіршілігінде əртүрлі əлеуметтік топ өкілдері тарихына талдау жасалатын болса, соның ішінде əйел заты тарихына қатысты ізденістер өз алдына өзекті болып табылады. Қазақ əлеуметтік пен мəдениетін осы күнге шейін көбінесе патриархалдық сипатта болған деген тарихи баға беріліп келгенімен, ол əлеуметтік қатынастардың патриархалдық əрі матриархалдық сипаты қатар екені нақты көрініс табады. Қазақ қоғамындағы əлеуметтік жауапкершілік жүгін ер адам мен əйел адам қатар көтергенін дала заңдары аясындағы əдет құқығы негіздерінен байқауға болады. Қазақ қоғамында отбасы институтының өте тұрақты болуы да ұлттық құндылықтардың баяндылығының нəтижесі. Ер адам жерді қорғайды, əйел адам — ұлтты қорғайды, өйткені əйел адамның ана ретіндегі тəрбиесі баланың тіл байлығын, дүниетанымдық құндылықтарын, өмірлік ұстанымдарын қалыптастыруға ерекше əсер етеді. Ұлттың қан тазалығы да қазақ халқының жеті ата ұлттық берік ұстанымдары мен отбасылық дəстүрлеріне тікелей байланысты. Əлеуметтік тұрғыдан тарихтағы əйел заты құбылысын танып-білу, бағалау өте маңызды, себебі оның бір қыры ұлттық код мəселелеріне қатысты болса, екінші жағынан ұлттық рухани болмысы мен өркениеттік негіздеріне байланысты. Мақалада Қазақ хандығы тұсында қоғамдық өмірдегі тарихи мысалдар негізінде əйел тұлғалардың əлеуметтік-саяси өмірі туралы зерттеу ұсынылған.

Description

Citation

Уалиева Г.К. Қазақ хандығы дəуіріндегі əйелдердің қоғамдық-саяси рөлі (ХV-ХІХ ғғ.)/Г.К. Уалиева, М.А. Алпысбес, Ж.А. Қарсыбаева//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series. -2021. №3. 123-129 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By