Мутакаллимдер түсіндірмесіндегі фатализм мәселесі
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Мақаланың қамтитын негізі мәселесі VII ғасырда пайда болған Ислам дінінің көршілес өңірлерге
тарай бастауы салдарынан қоғамдағы ғылыми және тарихи көзқарастардың қалай қалыптасқандығы,
соның ішінде тағдыр мәселесін егжей-тегжейлі баяндауға бағытталған. Сол ғасырлардағы араб
фәлсәфасы мен мутакаллимдері арасында туындаған бірқатар мәселелер және салдарынан пайда
болған үлкен де кішігірім топтардың көзқарастары, атап айтқанда: тағдыр мен адам еркіндігінің
мәселесінде туындаған джабариттер, қадариттер, муғтазилиттер және ортодоксалды ашари мен
матурудиттер жайлы. Авторлар мақалада араб әлемінде фаталистік көзқарастардың қалай пайда
болғандығын және кімдер арқылы пайда болғандығын, тағдыр мәселесі бойынша түрлі топтардың
қандай көзқарастарды ұстанып және сол постулаттарға неліктен тоқтағандығы жайлы, әрбір топтың
атауының қайдан бастау алатындығы, фатализм мен адамның таңдау еркіндігі арасындағы
байланыстың қайсы ақиқатқа сай екендігі, ашариттік мектеп мен матурудиялық мектеп арасындағы
келіспеушілік туралы, ашариттік мектептің «еркіндік сезімі» жайлы теориясы, Құдайдың бұйрығына
бағыну мен қарсы шығуға қатысты тағдырдың өлшеулігі немесе адамның іс-әрекетін ұштастыру мен
оның өзекті сұрақтары төңірегінде таласы жайлы, ақиқатқа жету жолында мутакаллимдер қолданатын
ақылдың үш әдісі және рационалистік қағидалардың түсіндірмесі жөнінде, ақиқатқа жету жолында
қасиетті кітапқа сүйене отыра, рационалистік ережелерге қарама-қайшылықтың болмау қажеттігі
жөнінде, әлемдегі материялардың пайда болуы мен қозғалысы өлшемді түрде болса оның салдарынан
қандай тұжырымдардың пайда болғандығы жайлы сөз қозғаған.
Description
Keywords
Citation
Аскерхан Н. Мутакаллимдер түсіндірмесіндегі фатализм мәселесі / Н. Аскерхан, Б.Ж. Жусупова// Қарағанды университетінің хабаршысы. – 2023. – № 4(112). – 193-199 б.