Қазақстанның көлік-логистикалық жүйесін корреляциялық талдау
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Мақсаты: Қазақстанның халықаралық рейтингтегі көрсеткіштеріне және көлік-логистикалық жүйесінің
даму жағдайына талдау жүргізу, соның негізінде оның дамуына ықпал ететін факторларды анықтау.
Әдісі: Жұмыста Қазақстандағы логистиканың рейтингтік көрсеткіштері мен көлік-логистикалық жүйесінің
статистикалық көрсеткіштері арасындағы корреляциялық талдау әдісі пайдаланылды.
Қорытынды: Мақалада Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық жүйесін талдау ұсынылған.
Қазақстанның әлемдік рейтингтердегі ұстанымдары (Logistics Performance Index, Transport infrastructure/the
Global Competitiveness Index, Emerging Market Logistics Index) талданды. Рейтингті талдау негізінде Қазақстан
көліктік-логистикалық жүйесін дамытудың ұйымдастырушылық-экономикалық құралдарының тиімділігіне
баға берілді.
Тұжырымдама: Қазақстан экономикасы үшін транспорттық-логистикалық жүйе маңызды құрамдас бөлік
болып табылады. Географиялық орналасуы Қазақстанға халықаралық логистикаға қатысу үшін үлкен артық-
шылық береді, өйткені ол Еуразия құрлығының дәл орталығында орналасқан. Бұл Қазақстанға шығыс-батыс
және солтүстік–оңтүстік бағыттарындағы жүктердің транзитін қамтамасыз ете отырып, Азия мен Еуропа ара-
сындағы байланыстырушы буын ретінде дамуға мүмкіндік береді. КЛЖ қызметі ел үшін өте маңызды. Қазақ-
станның көлік-логистикалық жүйесінде алдағы уақытта экономиканың өсу қарқынына теріс әсер етуі мүмкін
бірқатар жүйелі проблемалар бар.
Зерттеуде авторлар көлік-логистикалық жүйелердің тұрақты даму факторларын жүйелеп, көлік-
логистикалық салаға әсер ететін тенденцияларды қарастырды. Сондай-ақ, Қазақстанның көліктік-логистикалық
жүйесін дамытудың негізгі көрсеткіштері мен EMLI индексі арасында корреляциялық байланыс анықталды,
бұл өз нәтижесінде логистиканың неғұрлым дамыған елдердің нәтижелерімен салыстырудың маңыздылығын
айқындайды.
Description
Citation
Рахметулина А.А. Қазақстанның көлік-логистикалық жүйесін корреляциялық талдау/А.А. Рахметулина, А.С. Кулмаганбетова, Ж.С. Раимбеков//Қарағанды университетінің хабаршысы. Экономика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Экономика. = Bulletin of the Karaganda University. Economy Series. -2024. №1. 171-180 б.