Атырау қаласының тарихи топонимдері: ономастикалық зерттеу
| dc.contributor.author | Ерсайнова, А.Ж. | |
| dc.date.accessioned | 2026-03-11T09:56:48Z | |
| dc.date.available | 2026-03-11T09:56:48Z | |
| dc.date.issued | 2026 | |
| dc.description.abstract | Бұл мақалада Атырау қаласының ономастикалық кеңістігі мен өңірдің тарихи орталығы - Сарайшық қаласының атаулар жүйесіндегі орны жан-жақты ғылыми талдауға түседі. Зерттеу Атырау аймағындағы топонимдік атаулардың ұзақ тарихи кезеңдер бойы қалыптасқан көпқабатты құрылымын ашып, ономастикалық деректердің аймақ тарихын танудағы маңызды дереккөз ретінде қарастырады. Әсіресе Сарайшық қаласының Алтын Орда, Ноғай Ордасы және Қазақ хандығы дәуірлеріндегі саяси- әлеуметтік рөліне байланысты пайда болған атаулардың тарихи-мәдени семиотикасы, олардың қазіргі ономастикалық кеңістікте сақталу деңгейі мен трансформациялану бағыттары жүйеленеді. Мақалада Атырау қаласының урбанонимдері, көше атаулары, гидронимдері, этнотопонимдері және тарихи ойконимдері арнайы онимдік топтар ретінде қарастырылып, олардың семантикалық жіктелуі, этимологиялық негіздері мен пайда болу уәждері ғылыми сипатталады. Аймақтағы атаулардың өзгеру динамикасы - кеңестік кезеңдегі идеологиялық атаулардан бастап, тәуелсіздік жылдарындағы ұлттық тарихи жадты қалпына келтіруге бағытталған атауларға дейінгі кезеңдер тұрғысынан тарихи- компаративтік әдіспен талданады. Жұмыс барысында археологиялық зерттеулердің мәліметтері, ортағасырлық жазба деректері, тарихи карталар, ономастикалық комиссия материалдары және заманауи лингвистикалық еңбектер дереккөз ретінде пайдаланылды. Нәтижесінде Атырау-Сарайшық ономастикалық жүйесінің мәдени-тілдік эволюциясы, тарихи сабақтастығы және өңірлік идентификацияны қалыптастырудағы рөлі ғылыми тұрғыда пайымдалады. | ru_RU |
| dc.identifier.citation | Ерсайнова А.Ж. Атырау қаласының тарихи топонимдері: ономастикалық зерттеу/А.Ж. Ерсайнова//Қазақстан - менің Отаным = Казахстан - мое Отечество. -2026. 150-154 б. | ru_RU |
| dc.identifier.uri | https://rep.buketov.edu.kz//handle/data/22094 | |
| dc.language.iso | other | ru_RU |
| dc.publisher | «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ баспасы | ru_RU |
| dc.relation.ispartofseries | Қазақстан - менің Отаным = Казахстан - мое Отечество;2026 | |
| dc.subject | Атырау ономастикасы | ru_RU |
| dc.subject | Сарайшық | ru_RU |
| dc.subject | топонимия | ru_RU |
| dc.subject | тарихи атаулар | ru_RU |
| dc.subject | Алтын Орда мұрасы | ru_RU |
| dc.subject | урбанонимдер | ru_RU |
| dc.subject | гидронимдер | ru_RU |
| dc.subject | ойконимдер | ru_RU |
| dc.subject | этнотопонимдер | ru_RU |
| dc.subject | мәдени идентификация | ru_RU |
| dc.subject | тарихи семиотика | ru_RU |
| dc.subject | ономастикалық трансформация | ru_RU |
| dc.title | Атырау қаласының тарихи топонимдері: ономастикалық зерттеу | ru_RU |
| dc.type | Article | ru_RU |