Семей полигоны: тарихы, ядролық сынақтар жəне оның зардаптары
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Акад. Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды ун-ті КЕАҚ баспасы
Abstract
Семей ядролық полигоны — бұл əлемдегі ядролық қаруды сынаудың ең ірі полигондарының бірі.
Семей полигонының 40 жылдай уақыт аралығындағы қызметі Кеңес Одағының қару жарақ жарысы
тарихының бір кезеңі саналады. Өкінішке орай, Семей полигонының тарихы отандық тарихнамада
тарихи тұрғыдан жан-жақты қарастырылмаған, ғылыми жұмыстар жоқтың қасы. Мұның негізгі
себептерінің бірі — архив құжаттарына деген қолжетімділіктің болмауы жəне олардың қатаң құпия
түрінде сақталуы. Сондықтан, қазіргі уақытта Семей ядролық полигонына қатысты жаңа архив
құжаттарын қолдану арқылы ғылыми жұмыстарды басып шығарудың қажеттілігі туындап отыр.
Екінші жағынан, Семейдегі ядролық сынақтар су жəне жер ресурстарының зақымдануына алып келді,
экономика масштабының қысқаруына, əлеуметтік құрылымдардың əлсіреуіне ықпал еткені белгілі.
Сондықтан, қазіргі уақытта халықтық өмірлік қуатын жəне аймақтың өмірлік кеңістігін сауықтыру
үшін əлеуметтік қорғау жүйесін құру өзекті саналады. Осы себептен, мақалада Семей полигонының
құрылу тарихы жəне 1949–1989 жылдар аралығындағы ядролық қаруды сынаудың салдары
қарастырылған.
Description
Citation
Смагулова Г.М. Семей полигоны: тарихы, ядролық сынақтар жəне оның зардаптары/Г.М. Смагулова [и др.]//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series. -2023. №3. С.113-120.