Лактобактерияларды дақылдауда қолданылатын қолайлы қоректік орта түрін анықтау
Loading...
Files
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Мақалада табиғи сүт өнімдерінен бөлініп алынған сүтқышқылды мироорганизмдердің дақылдануы үшін қолайлы, оңтайлы қоректік орта түрін анықтауға байланысты жүргізілген зерттеу жұмыстары берілген. Зерттеу объектілері ретінде лактобактериялардың таза белсенді дақылдары таңдап алынды. Қолайлы қоректік орта түрін анықтау мақсатында 5 түрлі стандартты және дифференсацияланған
қоректік орта түрлері зерттелді. Олар MRS (de Man, Rogosa and Sharpe) қоректік ортасы, борлы агар, Эйкман сүтті агары, орамжапырақ агары, А.И. Нетрусов бойынша сүтқышқылды бактерияларға арналған сәбіз агары қоректік орталары. Зерттеу жұмысы үш түрлі қайталаным арқылы жүргізілді, нәтижесінде А.И. Нетрусов әдістемесі бойынша дайындалған сәбіз агары қатты қоректік ортасы бетінде өсіп шыққан сүтқышқылды микроорганизмдер саны 3,3*107 КТБ, 3,21*107 КТБ, 3,05*107 КТБ құрап, биомасса жинақтау қарқындылығы жоғары екендігі белгілі болды. Қырыққабат агары және стандартты MRS қоректік орталарында да лактобактериялар салыстырмалы түрде жоғары өсу белсенділігін көрсетті. Ал борлы агар мен Эйкман сүтті агары қоректік орталарында биомасса жинақталу деңгейі басқа қоректік орталармен салыстырмалы түрде төмен екендігі анықталды. Сонымен қатар
лактобактериялардың таза дақылдары аталған түрлі қоректік орталарда әр түрлі өсу ерекшелігін көрсетіп ― тұнба түзу, қатты қоректік орта бетінде майда ақ түсті колониялар түзу, колония айналасында мөлдірлену зонасын түзу арқылы өсетіндігі белгілі болды. Мұндай ерекшеліктер қоректік орта құрамына және лактобактерия штамының физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты.
Description
Citation
Абай Г.Қ. Лактобактерияларды дақылдауда қолданылатын
қолайлы қоректік орта түрін анықтау/ Г.Қ. Абай, У.Ч. Чоманов // Қарағанды университетінің хабаршысы. – 2023. – № 2(110). – pp. 8-16.