Қазақстандағы титулдық сақтандыруды құқықтық реттеу
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарМУ баспасы
Abstract
Қазақстан жылжымайтын мүлік нарығының серпінді дамуына байланысты мəмілелер қауіпсіздігі,
жылжымайтын мүлікке қатысты мəмілелер тарихы мен тəуекелдерді сақтандыру мəселелері өзекті
сипатқа ие бола бастауда. Титулдық сақтандыру жылжымайтын мүлікпен байланысты мəмілелер
қатысушыларының құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тиімді құрал болып
табылады. Мақала Қазақстандағы титулдық сақтандыруды құқықтық реттеу ерекшеліктеріне
арналған. Авторлармен адал алушылардың мүліктік мүдделерін қорғаудың əлемдік практикада
қолданылып жүрген құралдарына талдау жүргізілген, бұл талдаудың негізінде титулдық
сақтандырудың жылжымайтын мүлік айналымын тіркеу жүйесі үлгісімен тығыз байланыста екендігі
айқындалған. Бұдан басқа, шетелдік заңнама мен тəжірибеге жүргізілген салыстырмалы талдау
Қазақстандағы жеткіліксіз деңгейдегі құқықтық реттеу, титулдық сақтандырудың барлық
мүмкіндіктерін оны жылжымайтын мүлік нарығындағы адал алушыларды қорғауды қамтамасыз ету
мақсатында қолданатын елдерге қарағанда, барынша пайдалануға кедергі келтіретіндігін көрсетті.
Сонымен қатар мақалада титулдық сақтандырудың негізгі элементтері жан-жақты қарастырылған.
Жұмыстың мақсаты титулдық сақтандырудың Қазақстанда дамуына кедергі келтіретін себептерін
анықтау болып табылады. Осы мақсатқа қолжеткізу үшін титулдық сақтандырудың жылжымайтын
мүліктің адал алушылары мүдделерін қорғау жүйесіндегі орнын, сондай-ақ титулдық сақтандыруды
өзге сақтандыру түрлерінен ерекшелейтін айрықша белгілерін анықтау бойынша міндеттер алға
қойылды. Қолжеткізілген нəтижелер негізінде қорытындылар мен ұсыныстар əзірленді.
Description
Citation
Арыстан А. Қазақстандағы титулдық сақтандыруды құқықтық реттеу/А. Арыстан, А. Бекен//Қарағанды университетінің хабаршысы. ҚҰҚЫҚ сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия ПРАВО. = Bulletin of the Karaganda university. LAW Series. - 2018. №3. 118-125 б.