Студенттерге көптілді білім беруді жүзеге асыру аясында жаратылыстану- ғылыми пəндерді оқытудағы CLIL тəсілін қолдану ерекшеліктері
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарМУ баспасы
Abstract
Тілдік пəндерді оқыту жəне шетел тілінде математикалық жəне жаратылыстану-ғылыми пəндерді
оқыту арқылы тілдік білім беру — Қазақстан Республикасындағы көптілді білім беруді
бағдарламасын практикалық іске асырудың негізгі тетігі болып табылады. Мақалада Е.А. Бөкетов
атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің физика-техникалық факультетінде жаратылыстану-
ғылыми пəндерді оқытуда CLIL технологиясын жүзеге асыру тəжірибесі ұсынылған. Жұмыста
физика-техникалық факультетінің 5В011000-Физика білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 4 курс
студенттерін «Computer methods in Physics» жəне «Nuclear physics» атты мамандық бойынша таңдау
пəндерін оқытуға «Content and language integrated learning» (CLIL) əдістемесінің əсері зерттелген.
Мақалада CLIL технологиясын қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері зерделенген. CLIL
əдісін іске асырудың мысалы ретінде тапсырмалар түрлері ұсынылған. Педагогикалық зерттеу
барысында бақылаудың негізгі құралдары мен формалары зерттелген. Студенттерді бағалау
процедурасы мен бағалау критерийлері ұсынылған. Оқыту үрдісінде CLIL əдістемесін қолдану білім
алушыларда ағылшын тілін меңгеруге ынтасын жоғарылатады жəне өз кезегінде білім алушыларды
əрі қарай білім алуға жəне алған білімдерін болашақ кəсіби салада қолдануға үйретеді. CLIL
технологиясы студенттердің тек шетел тілін ғана емес, басқа да арнайы пəндерді оқуға
ынталандырудың маңызды құралы болып табылады. Мақала соңында педагогикалық зерттеудің
қорытындысы мен нəтижелері келтірілген.
Description
Citation
Камбарова Ж.Т. Студенттерге көптілді білім беруді жүзеге асыру аясында жаратылыстану- ғылыми пəндерді оқытудағы CLIL тəсілін қолдану ерекшеліктері/Ж.Т. Камбарова, А.К. Тусупбекова//Қарағанды университетінің хабаршысы. ФИЗИКА сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия ФИЗИКА.= Bulletin of the Karaganda university. PHYSICS Series. -2020. №2. 127-135 б.