Ирак күрділерінің сецессионистік қозғалысының ерекшеліктері мен шектеулігі: мемлекеттік және аймақтық деңгей негізінде

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарМУ баспасы

Abstract

Зерттеу Ирак күрділерінің егемендік мемлекет құруға арналған сецессионистік қозғалысының шығу се- бептерін табуды және сецессионистік қозғалысының қандай ерекшелікке ие болғандығын, оның аймақ- тық деңгейде қандай шектеуліктері болғандығын табуды қарастырған. Ирак күрділері Ұлттар Лигасы мен Ұлыбританияның қолдауымен өз ұлттық бірегейлігін, болмысын сақтап қалуға мүмкіндік алды. Ал, БҰҰ мен АҚШ-тың қолдауы арқылы саяси субъект ретінде қалыптаса алды. Бұл жағдаяттар Ирак күр- ділерінің мемлекет құрудағы мақсатына бір табан жақындауын қамтамасыз етті. Ирак мемлекеті тара- пынан мемлекеттік біртұтастықты сақтау және оған төнген қауіп-қатердің алдын алу мақсатында күр- ділерге жасалған экономикалық, саяси-әлеуметтік дискриминациялық және ассимиляциялық саясаты керісінше, күрді сецессионистік қозғалысын қайта жандандырды. Ирак күрділерінің тәуелсіздік жайлы референдумы Ирак федералды үкіметінің келісімінсіз, анти-конституциялық негізде тек қана ИКАА шеңберінде ғана өткенін ескерсек, Ирак күрділерінің сецессионистік қозғалысын бір жақты сецессия деп айтуға негіз бар. Бұл Ирак күрді қозғалысының ерекшелігін көрсетеді. Аймақтық деңгейде Түркия да, Иран да ИКАА-ның сецессионистік қозғалысын ең маңызды сәтте қолдамауы Ирак күрділерінің сецессионистік қозғалысының нәтижесіз болып аяқталуына алып келді. Екі мемлекетте жаңа күрді мем- лекетінің пайда болуын өз аумағында қоныстанған күрді ұлтының ұлттық қозғалысын қозғаушы фак- торы ретінде қабылдайды.

Description

Citation

Балаубаева Б.М. Ирак күрділерінің сецессионистік қозғалысының ерекшеліктері мен шектеулігі: мемлекеттік және аймақтық деңгей негізінде/Б.М. Балаубаева, С.М. Парпиев, С.А. Нуралиева//Қарағанды университетінің хабаршысы.Тарих. Философия сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия = Bulletin of the Karaganda university. History. Philosophy Series. -2020. №2. 55-68 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By