Тұлғаның əлеуметтік белсенділігін қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарМУ баспасы
Abstract
Мақалада мектепке дейінгі жəне кіші мектеп жас кезеңіндегі тұлғаның əлеуметтік белсенділігін
қалыптастырудың өзекті мəселелері қарастырылды. Зерттеулерге сүйене отырып, мақала авторлары
балалық шақта əлеуметтік белсенділіктің пайда болу жəне даму ерекшеліктерін ашып көрсетіп,
тұлғаның бастамашылдығы мен дербестігін қалыптастыруға негіз болатын психологиялық-
педагогикалық талаптарды, бағыттарды ұсынды. Бастамашылдық пен орындаушылықтың көрініс
табуы көптеген факторлармен, оның ішінде тұлғаның жалпы даму деңгейімен, балалардың іс-
əрекетімен, қоршаған əлеуметтік шындықпен, өзара əрекет ерекшеліктерімен тығыз байланысты.
Сонымен қатар мектепке дейінгі жəне кіші мектеп жасындағыларға тəн іс-əрекет түрлерінде ғана
əлеуметтік белсенділіктің алғашқы негіздері пайда болып, дамитындығы туралы пікір айтылды.
Description
Keywords
мектепке дейінгі жəне кіші мектеп жас кезеңіндегі тұлғаның əлеуметтік белсенділігі, балалық шақ, əлеуметтік белсенділік, тұлғаның бастамашылдығы мен дербестігін қалыптастыру негізі, психологиялық-педагогикалық талаптар, тұлғаның жалпы даму деңгейі, балалардың іс-əрекеті, қоршаған əлеуметтік шындығы, өзара əрекет ерекшеліктері, мектепке дейінгі жəне кіші мектеп жасындағыларға тəн іс-əрекет түрлері
Citation
Иманбеков М.М. Тұлғаның əлеуметтік белсенділігін қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері/М.М.Иманбеков, Ұ.М.Конхашова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика. = Bulletin of the Karaganda University. Pedagogy Series. -2011. №1. 76-79 б.