Белсенді баға — инновациялық бағалау жүйесі

Abstract

Мақала оқу үдерісінде инновациялық бағалау жүйесін пайдалануға, атап айтқанда, формативті бағалауға арналған. Формативті бағалау стратегиясы белсенді бағалауды қарастырады. Оның ерекшеліктері, дəстүрлі бағалау формасынан айырмашылығы, анықтамалар берілген, формативті бағалау элементтері келтірілген, сондай-ақ сабақтарда белсенді бағалауды қолдану тəсілдері зерттелген. Шетелдік мамандардың тəжірибелік қызметінде белсенді бағалауды пайдалануы, əлемдік зерттеулердің статистикалық деректеріне салыстырмалы талдауы жүзеге асырылған. Авторлар оқушылардың өзіндік құндылық сезімін жоғарылату, олардың танымдық мотивациясын арттыру жəне оқу жетістіктері мен сəтсіздіктеріне жауапкершілікті күшейту əдісі ретінде белсенді бағалаудың практикалық маңыздылығын сипаттайды. Кері байланыстың маңыздылығына, оның ұйымдастырылуына жəне сабақтарда жүзеге асыру жолдарына ерекше көңіл бөлінген.

Description

Citation

Серикбаева А.Б. Белсенді баға — инновациялық бағалау жүйесі /А.Б. Серикбаева, С.С. Копбалина, Ү.А. Қосыбаева //Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика.=Bulletin of the Karaganda University. Pedagogy series.-2018.-№2.-Р.132-141

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By