Болашақ мұғалімдердің мәдениетаралық қарым-қатынас құзыреттілігін Интернет-ресурстары негізінде қалыптастырудың әдістемелік негіздері
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Мәдениетке байланысты барлық сұрақтардың өзектілігі қазіргі уақытта кең етек алды. Шетел тілінің
әрбір сабағы — мәдениеттер торабы, бұл мәдениетаралық қатынастың тәжірибесі, себебі әр сөз —
өзге мәдениеттің, өзге әлемнің көрінісі: әр сөздің астарында сол халықтың ұлттық болмысы жатыр.
Сондықтан, ағылшын тілі сабағында болашақ мұғалімдердің бойына мәдениетаралық қарым-қатынас
құзыреттілікті қалыптастыру оларды мәдениеттер диалогында мәдениетаралық қатынасқа
дайындауға, яғни бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеуге септігін тигізеді. Осыған орай, қазіргі ғаламдану
заманында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, индустрияның қарыштап өсуі, әлемдік деңгейге
көтерілуге бет бұруы кезеңіндегі ұлттық мәдени-тарихи, рухани құндылықтарымызды бойына
сіңірген азаматтарға қоғамның сұранысының өсуі мектептерде жас ұрпақ бойына ұлттық
құндылықтарды сіңіре отырып, білім жетістіктерін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру
қажеттілігін алға тартады. Мақала болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің мәдениетаралық қарым-
қатынас құзыреттілігін Интернет-ресурстар негізінде қалыптастырудың әдістемелік негіздері
мәселесіне арналған. Соңғы уақытта шетел тілін оқыту үрдісінде қолданылып жүрген ақпараттық
коммуникативтік технологиялардың (АКТ) түрлеріне тоқталған, сипаттама берілген. Интернет-
ресурстың шетел тілі сабағында қолданылуындағы артықшылықтары да айтылған. Сонымен қатар,
Интернет-ресурстарын коммуникативті қатысымда қолданудың жолдары көрсетілген.
Мәдениетаралық қарым-қатынас құзыреттіліктің әдістемелік үлгісі сызбаланып, осы үлгінің
тиімділігін көрсететін әдістемелік нұсқаулар мен Интернет-ресурстар арқылы мәдениетаралық қарым-
қатынас құзыреттілікті дамытуға арналған тапсырмалар мен жаттығулар топтамасы ұсынылған.
Description
Citation
Тұрабай, Г.К. Болашақ мұғалімдердің мәдениетаралық қарым-қатынас құзыреттілігін Интернет-ресурстары негізінде қалыптастырудың әдістемелік негіздері/Г.К. Тұрабай//Қарағанды университетінің хабаршысы. «Педагогика» сериясы.-2022.-№2(106).-б.7-16