Түркі филологиясының атасы Махмұт Қашқари жəне оның дүниеде теңдесі жоқ «Диуани лұғат ат-түрк» атты мұрасы
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарМУ басп.
Abstract
Мақалада он бірінші ғасырда өмір сүрген ғұлама филолог, түркі тілдерінің тұңғыш сөздігін құрастырушы, энциклопедист-ғалым Махмұт Қашқаридың өмірі мен шығармашылығы зерттелген. Оның өзінің ұлы мұрасы «Диуани лұғат ат-түрк» сөздігін жазып, түркі тілдерінің мəртебесін көтергеніне ерекше баға берілген. «Түркі сөздігі» тек тіл білімінің мəселелеріне арналмаған, ол ғылымның көптеген салаларынан хабардар ететін сан салалы еңбек болып табылатыны сипатталған.
Қашқари еңбегін кең көлемде зерттеген атақты ғалымдардың пікірлеріне көңіл бөлінген. «Диуани лұғат ат-түрк» тек түркілердің ғана емес, тұтас ислам мəдениетінің қазынасы деген қорытынды жасалған. Болашақта ұлы ғалымның тағылымын жас ұрпақтың бойына дарытып, түркі халықтарының өзара ынтықмақтасуына жол ашу керектігі дəлелденген.
Description
Keywords
Citation
Каренов, Р.С. Түркі филологиясының атасы Махмұт Қашқари жəне оның дүниеде теңдесі жоқ «Диуани лұғат ат-түрк» атты мұрасы / Р.С.Каренов // Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. – 2014. - № 2. – 86-104 б.