Ислам дініндегі білімнің статусы мен құндылығы және киелілер культі
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Мақалада білім берудің мұсылмандық үлгісі ең алдымен Құран мен Сүннетке, сондай-ақ ертедегі мұ-
сылман ойшылдарының ғылыми және теориялық жетістіктеріне негізделетіндігіне мысалдар арқылы
дәлелдер айтылып, ғылыми тұжырым жасалған. Ғалымдар адам өмірінің тұтастығын ғылым-білімнің
философиялық, мәдениеттанымдық, этикалық, дамытушылық біртұтастығымен байланыстырады. Со-
нымен қатар ислам философиясындағы білім мен ғылымның негізі болған Құран құндылықтарының
мәні ашылған, талданып көрсетілген. Ислам дініндегі білім мен оқытудың педагогикалық жүйесі кез
келген жастағы адамның жеке басын қалыптастыруды, тәрбиелеу мен білім беруді басшылыққа ала-
тынын мәдениеттану, дінтану шеңберінде зерделейді. Исламда білім берудің түпкі мақсаты әдепке не-
гізделеді және адамгершілікті қалыптастыру болып саналады. «Адаб» ұғымы адамның рухани және
материалдық болмысын, оның әлеуметтік қатынастарын қамтиды. Ғалымдар бұл ұғымды даналық
(хикмат) көзінен алынған білім негізінде қалыптасатын лайықты мінез-құлық ретінде түсіндіріп, жо-
ғары қасиеттердің қалыптасуы мен дамуы адамды қателіктен қорғайды деп есептейді. Исламдағы ғы-
лым мен білім жүйесінің негізгі қағидаттарының бірі осында жатыр. Авторлар мақалада мұсылман
өркениеті классикалық кезеңінің базистік аспектілеріне қатысты ислам құндылықтары мен институт-
тарын реформаторлық-модернистік тұрғыдан анықтап, талдаған. Сонымен қатар постклассикалық ис-
ламдағы киелілер культі мен киелі орындарға деген қарым-қатынас мәселесі және исламдағы білімнің
даму тарихы мен қазіргі кезеңдегі ғылымның негізгі қағидаттары зерттелген. Рухани мектептердің рө-
лі мен ғалымдардың исламдық дүниетанымы рухани қазыналар қатарында болатыны анықталған.
Description
Keywords
Citation
Камишева Г.А. Ислам дініндегі білімнің статусы мен құндылығы және киелілер культі/Г.А. Камишева [және т.б.]//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series. -2024. №1. 178-187 б.