Гид қызметі туризмдегі кəсіпкерлік белсенділікті дамытудың басым бағыты ретінде

Abstract

Гид қызметі туризм саласындағы қызметті жүзеге асырудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Туристік гидтер туризм индустриясында жетекші орындарға ие жəне туризм саласына үлкен пайда əкеледі. Мақалада мамандандырылған əдебиеттерді талдауға негізделген, «туристік гид», «гид — экскурсия жетекшісі» анықтамаларына əртүрлі тұғырлар, гид қызметін жүзеге асырудың негізгі сапалары, табысты қызметті жүзеге асыру үшін қажетті негізгі қасиеттер қарастырылды. Елдер арасында гид қызметін жүзеге асыруға қойылатын талаптарды салыстырмалы талдау, жекелей алғанда, Аустрия, Үндістан, Шри-Ланка, Мысыр жəне Аустралия мысалында егжей-тегжейлі зерттелді. Аустралияда гид мамандығына қойылатын салалық талаптар тереңдетіліп талданды. Гид қызметінде лицензиялаудың маңыздылығы туралы мəселелер қозғалды. Қазақстанда гид қызметін дамытудың негізгі мəселелері, атап айтқанда, кадрларды даярлау мəселесі, салалық талаптарға сəйкес туристік бағыттаушы кадрларды дайындаудың бірыңғай оқу жоспары мен əдістерін əзірлеу жəне шет елдердің тəжірибесіне негізделген лицензиялау жүйесін құру қарастырылған. Негізгі іс-шаралар гид қызметі саласындағы күрделі мəселелерді шешуге, оның ішінде гидтердің дағдыларына, лицензияланатын қызметтің үздіксіз мониторингіне жəне оқыту мəселесіне сəйкес ынталандыру жүйесі мен дифференциалды төлем жүйелерін шешу ұсынылды.

Description

Citation

Гид қызметі туризмдегі кəсіпкерлік белсенділікті дамытудың басым бағыты ретінде/ А.Т. Тлеубердинова [т. б.]//Қарағанды универисетінің хабаршысы. Экономика Сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия Экономика.= Bulletin of the Karaganda University. Economy Series.-2018.-№4.-Б. 19-27.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By