Шет ауданының ономастикалық кеңістігі: жер-су атауларының шығу тегі мен тарихи-мәдени маңызы
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ баспасы
Abstract
Қарағанды облысының Шет ауданының ономастикалық атаулары өңірдің тарихи-мәдени
ерекшеліктерін, географиялық жағдайын және халықтық дәстүрін көрсетеді. Ономастика -жер-су,
таулар, өзендер мен көлдердің атауларын зерттейтін ғылым саласы. Шет ауданының жер-су атаулары
негізінен қазақ халқының тұрмыс-салт дәстүрлеріне, тарихи оқиғаларға және табиғат ерекшеліктеріне
байланысты қалыптасқан. Бұл мақалада ауданның негізгі ономастикалық атауларының шығу тегі,
олардың мағынасы, зерттелу тарихы және ғылыми зерттеушілердің еңбектері талқыланады. Сонымен
қатар, аудандағы өзендер мен көлдердің атауларының лингвистикалық ерекшеліктері қарастырылады.
Жер-су атауларын жинақтау кезінде халық ауыз әдебиеті, тарихи деректер және қазіргі
картографиялық мәліметтер пайдаланылды. Зерттеудің нәтижесінде Шет ауданының ономастикалық
қорындағы атаулардың табиғатқа, тарихи оқиғаларға және мәдениетке байланысы айқын көрінді. Бұл
жұмыс өңірлік зерттеулерге, география мен тарих сабақтарына арналған ғылыми-практикалық бағытқа
үлес қосады.
Description
Citation
Сагиндикова М.С. Шет ауданының ономастикалық кеңістігі: жер-су атауларының шығу тегі мен тарихи-мәдени маңызы/М.С. Сагиндикова//Қазақстан - менің Отаным = Казахстан - мое Отечество. -2026. 237-240 б.