Мұрат Мөңкеұлы — «зар заман» ақындарының ірі өкілі
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
KSU Publ.
Abstract
Мақалада ХІХ ғасырдың екінші жартысының жырауы, көрнекті ақын Мұрат Мөңкеұлының өмірі мен
қызметі суреттелген. Оның жас кезінде өз заманының көптеген ақындармен айтысқа түсіп, əдеби
шеберлік мектебінен өткендігі көрсетілген. Ақынның туған жерге деген махаббатты жырлап, көптеген
өлеңдер, толғаулар, арнаулар шығарғандығы туралы айтылған. Өзінің өлең-толғауларында Мұрат
жырау бай жəне батыл жігітті, бойжеткен қалыңдықты, қаршыға қосып аңға шыққанды, өмірдің
қысқалығын, күйбең тіршіліктің өзгергіштігін жырлағандығы баяндалған. Халықтың ауыр жағдайын,
өз күдігін, арман мен үмітін суреттеген ақынның маңызды шығармаларының бірі «Үш қиян»
дастанына айрықша көңіл бөлінген. Қазақтарды рулық жікшілдіктен аулақ болуға шақырған
«Сарыарқа» толғауына, сондай-ақ қазақ батырларына арналған «Қарасай-Қази» жəне «Қазтуған»
поэмаларына сипаттама берілген. Мұрат өз шығармаларында көптеп қолданылып жүрген өлең
пішіндерін шеберлікпен қолданғандығы, психологиялық сипаттамаларда шыншылдық пен
нақтылыққа ұмтылғандығы, əдеби тілдің дамуына үлес қосқандығы туралы қорытынды жасалған.
Description
Citation
Каренов Р.С. Мұрат Мөңкеұлы — «зар заман» ақындарының ірі өкілі/Р.С. Каренов//Қарағанды универисетінің хабаршысы. ТАРИХ. ФИЛОСОФИЯ Сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия ИСТОРИЯ. ФИЛОСОФИЯ.=Bulletin of the Karaganda University. HISTORY. PHILOSOPHY Series.-2017.-№2. Б.124-147.