Тілдік емес мамандық студенттерінің коммуникативті біліктерін дамыту мəселелері

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарУ баспасы

Abstract

Мақалада қазіргі таңда тілдің адам өміріндегі алатын орны ерекше екенін, сонымен қатар тілдік емес мамандық студенттерінің тілді меңгеру қажеттілігі туралы жазылған. Тілдік емес жоғарғы оқу орын- дарында шетел тілін оқыту өте өзекті сұрақ болып табылуда, заманауи мамандардың жаһандық жəне нақты кəсіби, іскерлік, ғылыми жағдайларда, кəсіби іс-əрекеттерінде шетел тілінде араласудың маңыздылығымен қатар кəсіби жағынан жеке ойлау ерекшеліктерін ескерумен қатар, студенттердің шетел тілінде араласу қабілетін қалыптастыруды көздейді. Оқу үрдісін ұйымдастыру сұрақтарының толық қамтылғанына қарамастан, оқытудың қиындығы шетел тілін меңгеру тілдік ортадан тыс уақытта бірнеше сағатта жүргізіледі. Негізінен, сабақ барысында студенттердің сөйлеу біліктерін да- мыту міндеті көп тіл мен сөйлеу жаттығуларын орындау арқылы шешіледі. Осыған байланысты білім берудің пəнаралық жəне жеке нəтижелеріне ерекше мəн беретін шетел тілінен сабақтан тыс іс- əрекеттердің маңыздылығын атап өту керек. Тілдік емес мамандық студенттерінің коммуникативтік біліктерін қалыптастыру өзекті мəселелердің бірі, өйткені қазіргі əлем талаптарына сəйкес мамандар- ды даярлауға түлектер тек қана кəсіби емес, сонымен қатар қоғамдық, əлеуметтік–мəдени қарым- қатынас тəжірибесін меңгеруі, белгілі бір саладағы білімді ғана емес, сонымен қатар əлеуметтік бастамашылық танытуға, ұжымда жұмыс істеу қабілетін дамытуға қабілетті болуы тиіс. Тілдік емес мамандық студенттерінің шетел тілдерін оқытудың кəсіби-бағытталған негізі бар, сонымен қатар сабақ барысында цифрлы технологиялар кеңінен қолданылуда.

Description

Citation

Джантасова Д.Д. Тілдік емес мамандық студенттерінің коммуникативті біліктерін дамыту мəселелері/Д.Д. Джантасова, Dorin Isoc//Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика. = Bulletin of the Karaganda University. Pedagogy Series. -2020. №4. 145-154 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By