Аудиторлық тексеру үрдісінде кәсіпорынның қызметін экономикалық талдау
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ баспасы
Abstract
Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау талдаулардың ішінде маңызды
орын алады. Қаржылық нәтижелері бойынша кәсіпорында қалыптасқан жағымды және
жағымсыз құбылыстар туралы, кәсіпорын қызметінің мықты және әлсіз жақтары туралы,
сонымен қатар олардың туындауына себеп болған факторлар жөнінде қорытынды жасауға
болады. Бірақ та, ғылыми әдебиетпен жасалған талдау көрсеткендей, түрлі авторлар бұл
терминді әр түрлі анықтайды. Берілген жұмыста негізі ретінде қаржылық талдаудың келесі
анықтамасын алдық: кәсіпорынның қаржылық жағдайы қалыпты қызметі үшін қаржы
ресурстармен қамтамасыз етілуімен, оларды мақсатқа сай, тиімді пайдаланумен
сипатталады. Қаржылық жағдайды талдау өндіріс қаражаттарын орналастыру мен қолдану
зерделеуінен, өзіндік айналым қаражаттарының қамтамасыз етілуінен, өндірістік қорлардың
жағдайынан, қаржылық ресурстарды қолдану тиімділігінен тұрады. Кәсіпорынның
қаржылық қызметінің қалыпты болуы өз кезегінде қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін
қажетті жағдайларды туғызады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық
негізі қаржылық есеп беру болып табылады.
Description
Keywords
Citation
Ахметова А.Б. Аудиторлық тексеру үрдісінде кәсіпорынның қызметін экономикалық талдау/А.Б.Ахметова, Г.С.Касымханова, М.Ш.Рамазанова//Цифрлық экономика:бизнестің жаңа архитектоникасы және құзыреттіліктер трансформациясы. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдар жинағы 14 желтоқсан 2021 ж.= Цифровая экономика:новая архитектоника бизнеса и трансформация компетенций.Сборник материалов. Международной научно-практической конференции 14 декабря 2021 г. = Digital economy:new business architectonics and transformation of competencies. Collection of materials of the International scientific and practical conference december 14th, 2021.- 2022. 292-298 б.