Блокчейн технологиясы жəне бухгалтерлік есеп
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарМУ баспасы
Abstract
Деректер қауіпсіздігі мен шынайылығы желіде ақпарат алмасу процесінде кездесетін негізгі
мəселелер болып табылады. Деректердің сенімділігін қамтамасыз ететін түрлі технологиялар бар.
Болашағы зор технологиялардың бірі — блокчейн. Оны пайда болуы сертификатталған бухгалтер
мамандығына алаңдаушылық тудырды, ол, əрине, түсінікті. Технологиялық жетістіктер адамдардың
кез келген кəсіпте жұмыспен қамтылуына қауіп төндіруі мүмкін. Дегенмен, блокчейн бухгалтер
мамандығы үшін салдары бар. Ең алдымен, технология жұмысының қағидаларын терең түсіну кəсіпке
қойылатын талаптардың бірі болып табылады. Одан əрі оның таралуына жəне кəсіпті пайдалану
жағдайларының санының артуына қарай кəсіптің өкілдерінің осы технологиямен бухгалтерлік есеп
ережелері қалай байланысты екенін нақты түсінуі қажет. Технология экономикалық
транзакциялардың электрондық үлестірілген тізіліміне негізделеді жəне бухгалтерлер мен аудиторлар
үшін өте маңызды мəнге ие, себебі айтарлықтай ашықтықты қамтамасыз етеді. Мақалада бухгалтерлік
есеп саласында үлестірілген тізілімнің (блокчейн) технологияларын пайдалануды дамытуын талдауы
берілген. Бар деректерді жинақтауға жəне жүйелеуге баса назар аударылды, блокчейн технологиялар
дамуының негізгі кезеңдерінің жіктелуі келтірілген, ұйымдардың бухгалтерлік есебінде блокчейн
технологияларын қолдану болжамдары берілген. Бұл технология бухгалтерлік есеп пен аудитке əсер
етеді деп күтілуде. Бірақ сол уақытта бухгалтер мамандығы блокчейн технологиясын пайдалану
арқылы дами береді деп айтуға негіз бар.
Description
Citation
Бердиходжаева М.С. Блокчейн технологиясы жəне бухгалтерлік есеп/М.С. Бердиходжаева, М.Б. Садуакасова, Л.А. Темирбекова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Экономика сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия Экономика. -2019. №3. 307-313 б.