Буллингтің алдын алудың практикалық аспектілері
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Акад. Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды ун-ті КЕАҚ баспасы
Abstract
Мақалада буллинг ұғымы агрессивті мінез-құлықтың бір түрі ретінде қарастырылған. Бұл ұғымға қа-
тысты ғалымдардың бірнеше ғылыми тұжырымдары берілген. Авторлар жалпы білім беретін орта
мектепте буллингтің алдын алу жұмыстарының практикалық аспектілерін өздері жүргізген диагнос-
тикалық жұмыстарының нәтижелері арқылы көрсете білген. Жасөспірім кезеңіндегі буллингтің негізгі
себептері нақты аталған. Олар: мектептің атмосферасы, тұлғаішілік себептердің психологиялық және
физиологиялық өзгерістерді қамтитын өтпелі жастағы тәжірибеге негізделетіні, ал отбасылық себеп-
тер балалар мен ата-аналар арасындағы мәселелерден туындайтындығы туралы айтылған. Аталған се-
бептер оқушылардың психологиялық өзгерістерімен байланысты. Сонымен қатар, буллингке де және
оның құрбандарына қатысты болатыны ғылыми идея тұрғысында жазылған. Диагностика жұмыста-
рында мектептегі буллингті анықтауға арналған ғылыми зерттеу нәтижелері дәлелденген әдістер қол-
данылған. Буллингтің алдын алуға байланысты тренинг бағдарламасы оқушылардың бір-бірімен дұ-
рыс қарым-қатынас орнатуына ықпал етуге бағытталған. Оқушының өзін-өзі бағалай білуіне, дәреже-
сін көтеруіне мотивация беретін, басқа адамдарға шыдамдылықпен, құрметпен, кешірімділікпен қа-
рауға үйрететін, адами құндылықтарға негізделген.
Description
Citation
Алимбекова А.А. Буллингтің алдын алудың практикалық аспектілері/А.А. Алимбекова, М.П. Aсылбекова, Г. Утемисова//Жаңа ұрпақ жəне Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының қазіргі мəселелері = Новое поколение и современные проблемы экономического развития Республики Казахстан. -2023. №4. 116-122 б.