Жаратылыстану-ғылыми пәндеріне оқу үрдісінде ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолданудың маңызы
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Мақалада заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану негізінде
эксперименттік жаратылыстану пәндерін оқытудың ерекшеліктері, тірі организмдерге тәжірибелер
қою арқылы жүргізілетін классикалық практикалық сабақтардың қазіргі уақыттағы өзектілігі
қарастырылған. Жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамына сауалнама жүргізу
арқылы университет білім алушыларына сабақ барысында біршама жоғары дәрежеде жиі
қолданылатын электрондық ресурстар мен жаратылыстану пәндері бойынша онлайн форматта
зертханалық немесе практикалық сабақтарды жүргізуге көмегін тигізетін сұранысқа ие цифрлық
ресурстардың көздері анықталған. Зертханалық жұмыстарды компьютерлендіруге байланысты
бірқатар мәселелер келтірілген. Қашықтықтан оқыту кезінде виртуалдық лабораториялардың
қажеттілігі көрсетілген. Оқу зертханаларын білім көзі және талдау материалы ретінде қолданудың
түрлері мен артықшылықтары айтылған. Қолжетімді виртуалдық лабораториялардың жағдайына
талдау жасалған. Биологиялық білім беру бағдарламаларының студенттері үшін «Омыртқалылар
зоологиясы» пәні бойынша қиындық туғазытын тақырыптар анықталған. Авторлар биологиялық
пәндерден виртуалды зертханаларды құруда үштілді білім беру жүйесін жүзеге асыруға болатынына
назар аударған. Мақалада «Омыртқалылар зоологиясы» пәнінен виртуалды зертханаларды құру
бойынша ұсыныстар берілген. Авторлар ақпараттық коммуникациялық технологияларды енгізу
жаратылыстану ғылымдары бойынша мамандарды даярлау барысында олардың кәсіби қызметке
дайындығын тиімді қалыптастыруға ықпал етеді деген қорытындыға келеді.
Description
Citation
Кабатаева Ж.К. Жаратылыстану-ғылыми пәндеріне оқу үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың маңызы/Ж.К. Кабатаева, К.Ш. Бакирова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Құқық сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Право. = Bulletin of the Karaganda University. Law Series. -2022. №1. 56-61 б.