Барымта және дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік қатынастар

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті

Abstract

Қазақ қоғамындағы әлеуметтік-құқықтық қарым-қатынастарды реттеуде маңызды орын алған барымта инстиутын зерттеуде оны өзара ру-тайпалық қақтығыстар көзі, тонаушылық сипаттағы әрекеттер ретінде бағалау басым. Отарлық биліктің қысымы қазақ қоғамының ішкі қоғамдық тәртібі мен өзін-өзі реттеу тетіктерін бұзып, барымтаның табиғаты мен қызметін өзгертті. Сондықтан мақалада барымтаны моральдық және әдептік, құқықтық норма ретінде айқындай отырып, оның қазақ қоғамының әлеуметтік ұйымдасуындағы орны жаңа көзқарастар тұрғысынан қарастырылған. Мәселеге қатысты зерттеулер тобын тарихнамалық тұрғыдан талдау арқылы барымта иститутының негізгі мәні мен оның трансформациясының себеп-салдарлары анықталған. Мақалада барымтаның бастапқы кезеңдегі әлеуметтік бақылау мен қоғамдағы шиеленістерді шешу жолы ретіндегі қызметіне баса назар аударылған. Оның сыртқы қысымдар мен дәстүрлі әлеуметтік құрылымдардың ыдырауы әсерінен барынша бейберекет жүзеге асырылатын және қылмыстық сипаттағы әрекет ретінде көрініс беруіне дейінгі эволюциясын талдай отырып, қазақ қоғамындағы әлеуметтік қарым-қатынастар мен оларды реттеу тетіктерінің ерекшеліктері тұжырымдалған.

Description

Citation

Шакирбаева И.Т. Барымта және дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік қатынастар./ И.Т. Шакирбаева// Қарағанды университетінің хабаршысы. «Тарих. Философия» сериясы. — 2025. — 30-т., 1(117)-шығ. — 249-257 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By