Оқыту жəне тəрбиелеу теориясындағы тұлғаның «Мен»-тұжырымдамасының құрылымдық компоненттеріне теориялық талдау

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарМУ баспасы

Abstract

Мақалада оқыту жəне тəрбиелеу теориясындағы «Мен»-тұжырымдамасына теориялық талдау жасалған жəне оның құрылымдық компоненттерінің сипаттамасы жүйеленген. «Мен»- тұжырымдамасының құрылымдық компоненттерін қарастыра отыра, психологиялық ғылымдардағы тұлғаға берілген сипаттамалар, жалпы адам, индивид, даралық мəселелесі оқыту жəне тəрбиелеу контекстінде қозғалған. Себебі, қазіргі автоматтандырылған, техникаландырылған жəне жедел қарқынмен белсенді дамып отырған заманауи қоғамда тұлғаға қатысты сұрақтар аса көкейкесті болып отыр, оның маңыздылығы күннен-күнге арта түсуде. Бұл оқыту жəне тəрбиелеу мəселесінде «Мен»- тұжырымдамасының құрылымдық компоненттерінің теориялық негіздерін терең түсінудің жəне білудің қажеттілігін көрсетіп отыр. Алыс жəне жақын шетел психологиясындағы жеке адамды зерттеп білудің əртүрлі бағыттарына қазіргі əдебиеттерде берілген мəліметтерге де қысқаша шолу берілген. «Мен»-тұжырымдамасының авторы болып саналатын ағылшын ғалымы Р.Бернстің еңбегіне талдау жасалған. Оқыту жəне тəрбиелеу тұрғысындағы «Мен»-тұжырымдамасының құрылымынан орын алатын қызығушылық, қажеттілік, дүниетаным, мұрат, сенім, көзқарас, ниет, белсенділік, талғам тағы басқа компоненттерге адамтану туралы ғылымдарда берілген анықтамалар жүйеленіп, сараланған. «Мен»-тұжырымдамасының құрылымдық компоненттерін кеңінен қарастыру мақсатында психологиялық, философиялық сөздіктердегі осы түсініктерге берілген анықтамалар сипатталып, талдау жасалған. Осылайша, мақалада «Мен»-тұжырымдамасының адамның тұлға ретінде қалыптасуындағы маңызы ашылған жəне оның көпқырлы компоненттері қарастырылған.

Description

Citation

Советханова М.Е. Оқыту жəне тəрбиелеу теориясындағы тұлғаның «Мен»-тұжырымдамасының құрылымдық компоненттеріне теориялық талдау/М.Е. Советханова, А.Ж. Едигенова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика. = Bulletin of the Karaganda University. Pedagogy Series. -2020. №2. 80-87 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By