Мөде қағанның саяси-құқықтық көзқарастары
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Қарму басп.
Abstract
Мақалада Қытайдың мұрағат құжаттарына, сонымен қатар тарихи аңыздарға сүйене отырып,
ғұндардың ұлы билеушісі Мөде қағанның өмірі мен саяси қызметі қарастырылды. Қазіргі кезде
Қазақстанның саяси-құқықтық ілімдерінің тарихын зерттеуде зерттеушілер көбінесе портреттік əдісті
қолданады. Себебі бізге жеткен жазба құжаттардың аздығы, сонымен қатар тарихи тұлғалардың
артына қалдырған өсиет сөздердің ұмыт болуы олардың жеке басына қатысты мəліметтерді де
зерттеуді талап етеді. Авторлар Мөде қаған туралы тарихи мəліметтерге баса назар аударып, Тұман
қаған қайтыс болған соң жəне Мөде билікке келген кезге ғұндар мен Қытай мемлекеті арасында
орныққан саяси қатынастарға сипаттама берді. Мөденің саяси-құқықтық көзқарастарын зерттей
отырып, оның жерсіз мемлекеттің болмайтындығы туралы, жерді өзгелерге беруге болмайтындығы
жайлы айтқандарына айрықша назар аударылды. Сондай-ақ Мөде қағанның Қытай
императорларымен жазысқан хаттары зерттелді, олардың негізінде сол тарихи кезеңдегі екі ел
арасындағы дипломатиялық қатынастар тарихын да көруге болады. Қорытынды ретінде Мөденің
саяси-құқықтық көзқарастарының Қазақстанның саяси-құқықтық ілімдерінің тарихындағы алатын
орны мен ролі жайлы тұжырым жасалған.
Description
Citation
Өміржанов Е.Т. Мөде қағанның саяси-құқықтық көзқарастары/Е.Т. Өміржанов, Қ.Ж. Байтекова//Қарағанды ун-тінің хабаршысы. Право сер.=Вестник Караганд.ун-та=Bulletin of the Karaganda university.-2017.-№4(88).-Б.29-33