Қараджаоғлан шығармашылығында лирика жанры

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ баспасы

Abstract

Қазақ жəне түрік халықтарының рухани мəдениетіндегі көп ғасырлар бойы қалыптасқан, дамыған не- гізгі мұра — ақын-жыраулар мен ашықтар поэзиясы. Мақалада XVII ғасырдағы түрік ашық əдебиеті- нің ең көрнекті өкілі Қараджаоғланның поэзиясындағы көңіл-күй жəне табиғат лирикасының көркем- дік ерекшеліктерінің айқын көріністері зерделенген. Ақынның туған жер, өзен-көлдер, таулар мен жа- зира жайлауларды жан дүниесімен тебірене жырлау дəстүрінің қазақ ақын-жыраулары шығармашы- лығымен үндес екендігін айқындау жəне бауырлас халықтар арасындағы тарихи-мəдени тамырлас- тықтың тереңдігін дəлелдеу мақсат болып табылады. Көңіл-күй өлеңдері — лирикалық шығармалар ішінде жеке адамның жандүниесінде болып жатқан сапырылысқан, кейбірі үндес, көпшілігі қарама- қайшы ойлардың жырлануы. Көңіл-күй лирикасы үлгісіндегі өлеңдерде автор өмірдің қайшылық құ- былыстарымен сəт сайын бетпе-бет келіп, дағдарысты жəне шешімді жағдайларды басынан өткізіп келе жатқан адамзаттың жандүниесіндегі жай-күйді сөз арқауына алады. Қараджаоғлан өлеңдерінде фəни дүниедегі барлық əрекеттердің, кезеңдердің опа бермейтін өткіншілігі элегиялық сыршыл мұң тілімен беріледі. Ақынның өлеңдерінде табиғат тақырыбы көшпелі өмір салтымен өріле отырып, кей- де сырласа, кейде тілдесе жырлау арқылы туған жерге деген ықыласын өте терең теңеулер арқылы жеткізуге тырысқандығы зерделенеді. Зерттеуде тарихи жүйелеу, əдеби талдау, тарихи-салыстырмалы сипаттау, жинақтау əдіс-тəсілдері қолданылды. Мақалада Қараджаоғланның таңдамалы өлеңдері түп- нұсқадан аударылып, лирикалық жанрда жазылған өлеңдерін қазақ оқырмандарына таныстыру көз- делген жəне қазақ-түрік əдеби байланыстарының терең тамырының көріністері нақты мысалдар нəти- жесінде айшықталған.

Description

Citation

Тұрымбетова Ж.А. Қараджаоғлан шығармашылығында лирика жанры/Ж.А.Тұрымбетова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology series. -2023. № 2(110) Б. 141-147.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By