Жер асты жылу алмастырғыштағы жылу алмасу процесін зерттеу әдістері

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Бүгінгі таңда көптеген елдерде электр энергиясын өндіру әртүрлі заманауи тәсілдермен жүзеге асырылады, олар қазіргі заманға сай келеді. Жылу энергиясын өндіруде жылу сорғылары технологиясын қолдану – ең тиімді энергетикалық шешімдердің бірі. Бұл технология энергияны үнемдеу мақсатында жер астындағы су, су қоймалары, табиғи су ағындары сияқты жылу көздерін пайдалануға мүмкіндік береді. Оның экологиялық тиімділігі – жану процесінен шығатын булық газдарының атмосфераға таралуын болдырмау болып табылады. Осылайша, газ бен сұйық отындарды пайдалану ескі қазандықтарды алмастырудың қажеттілігі емес, жылу сорғыларын қолданудағы өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Бұл тек отын шығынын төмендетіп қана қоймай, сонымен қатар атмосфераға көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтуға да ықпал етеді. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің физика-техникалық факультетінің профессор Ж.С. Ақылбаев атындағы инженерлік жылу физикасы кафедрасының «Дәстүрлі емес энергия көздерін зерттеу» зертханасында жер асты жылу алмастырғышындағы жылу алмасу процестерін зерттеу үшін арнайы сынақ стендінде эксперименттер жүргізілді. U-тәрізді жер асты жылу алмастырғышының айналасындағы температуралық таралу эксперименттік әдіспен анықталды. Бұл мәліметтер құбырдың жер бетіндегі айналасында температураның қалай өзгеретінін көрсетіп берді. Алынған деректер негізінде тәуелділік графиктері жасалды. Әртүрлі ылғалдылықтағы құмның температурасының өзгеруіне 39 тәуелділік анықталып, осы өзгерістерге қатысты температура айырмашылығына байланысты тәуелділік графигі сызылды.

Description

Citation

Жер асты жылу алмастырғыштағы жылу алмасу процесін зерттеу әдістері/ Накипова С.Ж. [т.б.] // Жер асты жылу алмастырғыштағы жылу алмасу процесін зерттеу әдістері.- Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті. – 2025. – 39-44б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By