Медиалық-тілдік тұлғалардың эпистолярлық дискурсы (І. Омаров, Ш. Мұртаза хаттарының негізінде)
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ баспасы
Abstract
Тілімізде осы уақытқа дейін ақын, жазушылардың тілін қарастырған ғылыми жұмыстар көбірек
зерттеліп келсе, кейінгі кездері жеке жазушының немесе қоғам, мəдениет қайраткерлерінің
эпистолярлық дискурсын зерттеуге арналған жұмыстар көбірек қолға алынуда. Хат — сөйлеудің
ерекше эпистолярлық жанры. Ол адресатқа белгілі бір ақпаратты жеткізу, хабардар ету немесе өзара
қарым-қатынасты қолдау мақсатында жолданатыны белгілі. Мақалада хаттардың тілдік ерекшеліктері
мен стиліне, адресат пен адресант арасындағы қарым-қатынасқа талдау жасалады. Баспасөз арқылы
хат жазыcқан қаламгерлердің қоғамдық-əлеуметтік мəселелерін талдап, халық үнін жеткізудегі нақты
дəйекпен ой айтылады. Мақаланың мақсаты — медиалық-тілдік тұлға ретінде тануға болатын
мəдениет пен қоғам қайраткерлері, қазақ елінің біртуар азаматтары Ілияс Омаров пен Шерхан
Мұртазаның эпистолярлық дискурсындағы тілдік ерекшеліктерді нақтылап, олардың идиостиліндегі
тілдік бірліктердің функционалдық, коммуникативтік, прагматикалық қызметтерін анықтау.
Эпистолярлық жанрда автор мен адресант арасындағы байланыс пен тұлғааралық қатынасты да
көрсететіні маңызды болмақ. Эпистолярлық дискурс арқылы хат мəтіндерінде белгілі бір уақытты
(кезеңді) көрсететінін көреміз. Мəдениет қайраткерлерінің бір-біріне жазған достық хаттары —
дəуірдің өзіндік құжаты. Коммуникативтік-прагматикалық жəне лингвомəдени танымдық тұрғыдан
тілдік материалдар кешенді түрде қарастырылған. Эпистолярлық стиль арқылы хаттардың ақпараттық
маңыздылығы айқындалып, хат мəтіндеріндегі авторлық қолданыстар, тілдік мəдениет нақтыланады.
Автордың тыңдаушыны сендіру шеберлігі, тұлға психологиясы мен тұлғааралық қатынасты түсіну
қабілеті, ақпаратты ықпал ету тəжірибесі, əр көтерген мəселенің тарихын білуі, сендіру жəне дəлелдеу
шеберлігі көрінеді. Коммуниканттардың өзара қарым-қатынасы мен идиостилінің ерекшеліктері,
тілдік жəне тұлғалық сипаттары белгіленеді. Ш. Мұртаза мен І. Омаровтың хаттары арқылы олардың
білімді, интеллигент адам ретіндегі болмысын, достық əрі іскерлік қарым-қатынасының тиімді
қолданыста болғанын көреміз. Мақалада коммуникативтік-функционалдық талдау əдісі қолданылып,
хаттардың мəтіні талданып, лексика-семантикалық ерекшеліктері анықталды. Хат мəтіндерінде саяси-
қоғамдық жағдайларды талдаудағы əртүрлі пікір қарастырылып, қарапайым лексиканың ауызекі
сөйлеу тілінде берілгенін көреміз. Сонымен қатар қарым-қатынасқа тəн амандасу, алғыс айту, тілек
білдіру, кешірім сұрау сияқты тілдік клишелердің қолданысы адресатқа деген құрметті білдіріп,
сенімділік қалыптастыруға ықпал етеді. Қоғам қайраткерлері хат арқылы ойларын барынша ашық
жеткізіп, ішкі дүниесін тереңнен ақтарып, сол арқылы қоғамда болып жатқан мəселелерді кеңінен
толғайды. Демек, хат — ауызекі сөйлеу стилінен ғылыми стильге дейінгі мəліметті тоғыстыра алатын
ерекше жанр деп айтуымызға толық негіз бар.
Description
Citation
Даирбекова А.К. Медиалық-тілдік тұлғалардың эпистолярлық дискурсы (І. Омаров, Ш. Мұртаза хаттарының негізінде)/А.К. Даирбекова [және т.б.]//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2026. 69-79 б.