ХХ ғ. екінші жартысы – ХХІ ғ. басындағы француз тарихнамасындағы кеңестік кезеңдегі Қазақстан мәдениеті

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

"Акад. Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды ун-ті" КЕАҚ баспасы

Abstract

Мақалада француз ғалымдарының Қазақстанға қатысты тарихнамасына талдау жасалған. ХХ ғ. екінші жартысынан бастап қазіргі уақытқа дейін жетекші француз зерттеушілерінің жұмыстары зерттелген. Авторлар тарихнаманы тарихи білімнің жинақталу тарихын, тарихи ойдың дамуы мен зерттеу әдісте- месін, ғалымдардың тарихи еңбектері мен өмірбаянының құрылу тарихын, ғылыми мекемелердің та- рихын, тарихи білім беруді ұйымдастыру мен тарихи білімнің таралуын зерттейтін арнайы тарихи пән ретінде қарастырған. Мақаланың негізгі мақсаты зерттеушілерді ғылыми ортамен, қазіргі оқырмандар қауымдастығымен таныстыру. Сонымен қатар ХХ ғасырдан бастап ХХІ ғасырдың басына дейінгі ке- зеңдегі қазақтардың мәдениеті, дәстүрлері, діни сенімдері туралы жазған француз зерттеушілерінің шығармаларына ғылыми талдау жүргізілген. Ғылыми зерттеудің теориясы мен әдіснамасы бойынша негізінен тарихизм, объективтілік, тарихи салыстырмалы талдау және тарихи жүйелілік әдістері пай- даланылды. Соғыстан кейінгі жылдары француздық кеңесология әлемдік тарихнамада лайықты орын алу құқығын дәлелдеді, тек батыс елдерінде ғана емес, бұрынғы Кеңес Одағы елдерінде де сұранысқа ие болды. Талдаудың ең дәлдігі мен тереңдігі Элен Каррер д'Анкосс, Александр Беннигсен, Венсан Монтей, Ален Блюм, Изабель Охайон, Марлен Ларуэль жұмыстарында ерекшеленді. Мақаланы жазу басында кеңестік, соның ішінде Қазақстан тарихын зерттеушілердің кітаптары мен ғылыми мақалала- ры негізге алынды.

Description

Citation

Жумашев Р.М. ХХ ғ. екінші жартысы – ХХІ ғ. басындағы француз тарихнамасындағы кеңестік кезеңдегі Қазақстан мәдениеті/Р.М. Жумашев, А.Қ. Мейрамбеков//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series. -2023. №1. 78-86 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By