Күлтегін жазбасындағы ежелгі түріктердің манифесті

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Вестник Карагандинского университета

Abstract

Мақалада Орхон өзені бойында орналасқан түрік халықтарының ғана емес, бүкіл адамзат қауымының баға жетпес жетістігі болып табылатын Күлтегін ескерткішіндегі жазудың мазмұнына ғылыми тұрғыдан тарихи талдау жасалған. Авторлардың зерттеуіне қарағанда, Күлтегін бітік тасындағы көне жазуда тəуелсіз мемлекет орнату жолында қызмет жасаған ел басшыларының халыққа арнаған үндеу- манифесті жарияланған. Ескерткіштегі жазулардағы тарихи оқиғаларды талдай отырып, Күлтегін ескерткіші Екінші Түрік қағанаты кезіндегі маңызды кезеңдерді қамтыған тарихи шығарма, ондағы негізгі мақсат — азат ел болу жолындағы күрес жүргізген түрік халқының қаһармандық ерліктерінің шежіресі баяндалған деген қорытындыға келген. Авторлар Күлтегін ескерткішіндегі мəңгі жазуда Түрік қағанатының мемлекеттік тəуелсіздік актісі — «Мəңгілік Ел» идеясының саяси манифест түрінде салтанатты түрде халыққа жария етілгеніне ғылыми талдау жасаған. Тастағы жазуда Күлтегін бейнесі теңдесі жоқ батыр, даңқты қолбасшы болғаныны айтылған. Оның түркі халқының жауынгерлік рухын асқақтатып, Ұлы Түрік қағанатының сабақтастығын, дəстүрлі заңын жалғастыра білген дара тұлға болғанын шебер талдау арқылы оқырманға жеткізеді.

Description

Citation

Смағұлов, Н.Б., Ташағыл, А. Күлтегін жазбасындағы ежелгі түріктердің манифесті / Н.Б. Смағұлов, А. Ташағыл // Қарағанды универисетінің хабаршысы. ТАРИХ. ФИЛОСОФИЯ Сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия ИСТОРИЯ. ФИЛОСОФИЯ.=Bulletin of the Karaganda University. HISTORY. PHILOSOPHY Series. – 2015. - №3. – Б.52-60.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By