Қазақстанның қаржылық қауіпсіздігінің негізгі көрсеткіштері

Abstract

Мақсаты: Мақалада Қазақстанның қаржылық қауіпсіздігін дамытуға әсер ететін ұғымдарды, бағалауды, сондай-ақ, көрсеткіштерді қарастыру. Сонымен қатар, авторлар, қаржылық қауіпсіздік көрсеткіштерін теориялық негіздеу негізінде Қазақстан Республикасында қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тетіктерін ұсынуға ұмтылған. Әдістер: Салыстырмалы, теориялық талдауды қолдану негізінде оның негізгі бағыттарын жетілдіру арқылы қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігі туралы қорытынды жасалды. Зерттеу пәні Қазақстан Республикасы экономикасының қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдарын дамыту проблемасын теориялық негіздеуден және шешуден тұрады. Қорытынды: Ұсынылған ғылыми мақалада авторлар қаржылық қауіпсіздік ұғымының мәніне назар аударған, Қазақстандағы қаржылық қауіпсіздіктің негізгі көрсеткіштерін талдаған және мемлекеттің қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын көрсеткен. Тұжырымдама: Қаржылық қауіпсіздікке төнетін қатерлер Қазақстан экономикасында, әсіресе қаржы және ақша–несие салаларында айқын көрініс тапқан. Тұтастай алғанда, елдің экономикалық қауіпсіздігіне қол жеткізе отырып, қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі бағыттары мемлекеттік басқару басымдықтарының бірі болып табылады.

Description

Citation

Қазақстанның қаржылық қауіпсіздігінің негізгі көрсеткіштері/Глухова В.И.[et al.] //Қарағанды университетінің хабаршысы. Экономика сериясы= Вестник Карагандинского университета. Серия Экономика = Bulletin of the Karaganda University. Economy series. - 2022. - №1. - 204-216 бет.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By