Философияны жүйелік талдаудағы рефлексивті оқыту
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті
Abstract
Философияны жүйелік талдаудағы рефлексивті оқыту — білім алу үдерісін тереңдетіп, философиялық білімді жан-жақты және сыни тұрғыдан қабылдауға бағытталған маңызды әдіс. Бұл әдіс студенттердің тек философияны теориялық тұрғыдан меңгеруін ғана емес, сонымен қатар өздерінің ойлау және танымдық процестерін талдап, өзгертуін қамтамасыз етеді. Рефлексивті оқыту философияны терең түсініп, оны жүйелі түрде талдауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде студенттердің жан-жақты дамуына ықпал етеді. Авторлар философияны жүйелік талдауға рефлексивті оқытудың философиялық тұжырымдамаларын сыни және көп қырлы көзқарасты дамыту арқылы философиялық білімді тереңдетуге бағытталған әдіс ретінде қарастырған. Студенттерге философиялық теорияларды меңгеру
ғана емес, сонымен қатар өздерінің ойлау процестерін білуге және сыни тұрғыдан талдаудағы рефлексия тәсілдің маңыздылығы көрсетілген. Рефлексиялық оқыту философиялық білімнің интеграциясына ықпал етеді, әртүрлі философиялық бағыттар арасындағы қатынастарды анықтауға және талдауға мүмкіндік береді, сонымен қатар философиялық мәселелерді түсіну көкжиегін кеңейтеді. Мақаланың мақсаты сыни ойлауды, философиялық ұғымдар мен мәселелерді терең
қабылдауды дамытуға бағытталған философияны жүйелі талдауды оқытуда рефлексивті тәсілді қолдануды зерттеу, негіздеу және философияның теориялық және практикалық негіздерін жүйелі түрде түсінуге бағытталған рефлексивті оқытудың тиімділігін, сондай-ақ оның студенттердің сын тұрғысынан ойлау дағдыларын жетілдірудегі рөлін айқындау.
Description
Keywords
Citation
Спанов М.Ж., Джуншеев Р.Е., Жолдыбаева М.С. Философияны жүйелік талдаудағы рефлексивті оқыту./ М.Ж. Спанов, Р.Е. Джуншеев, М.С. Жолдыбаева// Қарағанды университетінің хабаршысы. «Тарих. Философия» сериясы. — 2025. — 30-т., 1(117)-шығ. — 258-268 б.