Астана қаласының тарихы: Бозоқ археологиялық деректер негізінде
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ баспасы
Abstract
Ортағасырлық Қызылқала қаласы Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданына қарасты Шайыр
ауылы маңында, Шерқала тауының етегінде орналасқан тарихи-археологиялық кешендердің бірі
болып табылады. Қызылқала Бозащы түбегінен Хиуа мен Хорезмге бағытталған ірі сауда жолының
бойында орналасуының арқасында ортағасырларда маңызды сауда және әскери бекіністік қызмет
атқарған. Қаланың зерттелуі ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында Л. Галкин бастаған экспедиция
жұмыстары арқылы басталып, оның топографиялық құрылымы, қорғаныс жүйесі және мәдени
қабаттары жөнінде алғашқы ғылыми деректер жиналды. 2004 жылдан бастап А.Е. Астафьев
жетекшілік еткен Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының археологиялық тобы зерттеуді
жалғастырып, бекініс қабырғаларының құрылыс кезеңдері, қаланың даму динамикасы және өмір сүру
уақытына қатысты маңызды деректер анықталды. Қазба жұмыстары барысында Қызылқаланың Х
ғасырда қалыптасып, XIII ғасырдың бірінші жартысына дейін өмір сүргені дәлелденді. Қала орнынан
табылған металлургиялық пештер, қыш күйдіретін ошақтар, тұрмыстық және зергерлік бұйымдар,
ауыл шаруашылығы құралдары, асыл тастар мен моншақтар Қызылқаланың өндірістік және сауда
орталығы болғанын айғақтайды. Сондай-ақ қала маңындағы егістік алқаптар мен жүзімдіктердің
болғаны анықталуы оның экономикалық әлеуетін көрсетеді. Қызылқала ескерткіші қазіргі уақытта
Маңғыстау аймағының туристік және ғылыми тұрғыдан зерттелуге лайық аса құнды мәдени
мұраларының бірі ретінде бағаланады.
Description
Citation
Молдаш А.Қ. Астана қаласының тарихы: Бозоқ археологиялық деректер негізінде/А.Қ. Молдаш//Қазақстан - менің Отаным = Казахстан - мое Отечество. -2026. 210-213 б.