Орталық Қазақстандағы экологиялық қауіпсіздіктің кейбір мәселелері (су ресурстарының мысалында)

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарМУ баспасы

Abstract

Мақалада Орталық Қазақстан өңірінің еліміздегі қазба байлықтарға мол, ірі өнеркәсіпті, бірақ су жетіс- пейтін аймақтардың бірі екендігі аталады. Бірақ Орталық Қазақстанда су ресурстары мүлдем жоқ деп айтуға да болмайды. Аталған аймақтың негізгі су ресурстарын құрайтын Нұра, Шерубай-Нұра, Қара- кеңгір және Жезді өзендері, Балқаш көлі, Ертіс-Қарағанды каналы мен бірнеше су қоймалары мен то- ғандары бар. Соған қарамастан Орталық Қазақстанда су ресурстарын дұрыс пайдаланбаудан экология- лық қауіпсіздік мәселелері туындайды. Сондықтан мақала авторлары оның кейбірін — суды ысырапсыз және мақсатты пайдалану, табиғаттың күрт өзгеруіне байланысты болатын су тасқындары мен салда- рын қарастырған; мақала жазу барысында авторлармен ғылыми, оның ішінде пәнаралық бағыттағы зерттеулерде қолданылатын методологиялық принциптер басшылыққа алынған. Шетелдік және отан- дық ғалымдардың аймақтық су ресурстарын зерттеуге арналған еңбектері қарастырылып, мақала тақы- рыбына қатысты тұстарын зерделеу кезінде тарихилық, логикалық бірізділік, жүйелілік әдістерді қол- данылған. Орталық Қазақстан өңіріндегі су ресурстарымен байланысты экологиялық қауіпсіздікті ай- қындауда салыстырмалы талдау әдісіне жүгінген. Мақаланың өзегі болып тұрған — экологиялық қа- уіпсіздік және су ресурстары арасындағы мәселелерді қарастыру объективтілік принципке негізделген. Сонымен бірге су ресурстарына байланысты БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған құжаттарға және ұйым- ның қолдауымен өткізіліп келе жатқан іс-шараларды қарастыруда бақылау мен талдау әдістері де қол- данылған. Су — тіршіліктің көзі болып табылатындықтан, қазіргі кездегі күн тәртібінде су мәселесі жер бетіндегі барлық адамзатқа тұрақты даму үшін өзекті мәселе екені баяндалған. Сондықтан бұл мәселеге БҰҰ тәрізді халықаралық ұйымдар төңірегінде де ерекше көңіл бөлінетіндігі, Орталық Қазақстанға әлемдік тәжірибеден үлгі алу керектігі айтылған. Су ресурстарынан туындайтын қауіп-қатерлердің ал- дын алу, олардан туындайтын зардаптарға жол бермеу, суды дұрыс пайдалану үшін Орталық Қазақстан және басқа да аймақтарға қажеті бар, атқаруға болатын іс-шаралар тізімінен тұратын, өзіндік ұсыныстар жасалған.

Description

Citation

Смагулова Г.М. Орталық Қазақстандағы экологиялық қауіпсіздіктің кейбір мәселелері (су ресурстарының мысалында)/Г.М. Смагулова, Ж.М. Кенжеғали, Б.Т. Төлеуова//Қарағанды университетінің хабаршысы.Тарих. Философия сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия = Bulletin of the Karaganda university. History. Philosophy Series. -2020. №2. 149-156 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By