Кеңестік Қазақстандағы дінге қарсы үгіт-насихат ұйымының қызметі (1929–1941 ж.ж.)
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
КарУ баспасы
Abstract
Кеңес үкіметінің дінге қатысты саясаты туралы сөз болғанда, қарапайым оқырмандардың ойына бірден кеңестік мемлекеттің атеистік саясаты пен дінге қарсы шабуылы түсетіні белгілі. Бірақ атеизм жалпы кеңестік мемлекеттің бүкіл тарихында коммунистердің негізгі идеологияларының бірі болса да, мемлекеттің дінге, оның ішінде исламға қатысты саясаты әр кезеңде әртүрлі болды деп айтуға болады. Кеңестік биліктің исламға қарсы ең қатал шабуылы 1929–1941 жылдары жасалды. Дәл осы кезеңдегідей исламға қарсы шабуыл кеңес тарихының бұған дейінгі кезеңінде де, одан кейінгі кезеңдерінде де жасалмады. Бұл кезеңде кеңестік билік исламға қарсы тікелей шабуыл жасаумен қатар, өзінің дінге қарсы жаппай үгіт-насихат жұмыстарын да күшейтті. «Жауынгер құдайсыздар одағы» атты дінге қарсы үгіт-насихат ұйымы жұмыс жасады. Оған қоса дінге қарсы музейлер де құрылып, дінге қарсы үгіт-насихат жұмысына қосылды. Мақала сол кезеңде өмір сүрген дінге қарсы
ұйымның тарихына арналған. «Жауынгер құдайсыздар одағының» қызметі Қазақстанда жасалған үгіт-насихаты негізінде көрсетіледі. Бұл тақырып Қазақстанда көп зерттелмеген тақырыптардың бірі деп айтуға болады. Сондықтан да тақырып өте өзекті. Мақалада кеңестік биліктің дінге қатысты алғашқы саясаты, ұстанымдары және алғашқы кезеңдегі исламға деген жұмсақтығының себептері көрсетілген.
Кеңестік мемлекеттің дінге қатысты заңдары мен коммунистік партияның негізгі ұстанымдарына да тоқталған. Кеңестік Қазақстанда мемлекеттің исламға қарсы жасаған шабуылы мен үгіт-насихатының зардаптары көрсетілген.
Description
Citation
Жолдасұлы T. Кеңестік Қазақстандағы дінге қарсы үгіт-насихат ұйымының қызметі (1929–1941 ж.ж.)/Т. Жолдасұлы, Г.Н. Байжанова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy series. - 2022. - №1. - 55-63 бет.