Қазақ өлкесіндегі этнографикалық зерттеулеріндегі халық шығармашылығы мен рухани мәдениеттің орны
| dc.contributor.author | Қапезов, Е.С. | |
| dc.date.accessioned | 2026-03-12T05:56:23Z | |
| dc.date.available | 2026-03-12T05:56:23Z | |
| dc.date.issued | 2026 | |
| dc.description.abstract | Бұл мақала қазақ өлкесіндегі этнографиялық зерттеулерде халық шығармашылығы мен рухани мәдениеттің алатын орнын жан-жақты талдауға алынды. Біз халық ауыз әдебиеті эпос, жыр, аңыздар, ертегілер қазақ этносының рухани бейнесін, дүниетанымын ашу мақсатында қазақ дадасында көнеден белгілі . Жазба деректердің аздығы жағдайында фольклорлық мұраның этнографиялық маңызы одан әрі арта түсетініне назар аударылады. Мақалада қазақ даласындағы ерте және кейінгі 187 этнографиялық зерттеулердің бағыты, олардың әдіснамалық ұстанымдары, сондай-ақ рухани мәдениет элементтерін жинау, классификациялау және ғылыми айналымға енгізу жолдары қарастырылған. Біз XIX-XX ғасырлардағы көрнекті этнографтар мен фольклор зерттеушілерінің еңбектерін талдауға ала, олардың ол фольклорларды жалпылама жүйелеп, теоретизация мәселесі алынды. Ш.Ш. Уәлихановтың исламға дейінгі сенімдер, шамандық элементтер және табиғат культі туралы зерттеулері қазақ мифологиялық дүниетанымының этнографиялық өзегін ашатын жұмыс ретінде бағаланады. В.В. Радловтың фольклорлық жанрларды өзіндік терминология негізінде жүйелеуі, оның қазақ және түркі халықтарының тілін, мәдениетін зерттеудегі еңбегі, сондай-ақ эпостарды жинаудағы рөлі көрсетіледі. В.В. Радлов, Г.Н. Потанин еңбектерінде, Әбубәкір Диваевтың қазақ ауыз әдебиетінің нұсқаларын жинақтаудағы және оларды салыстырмалы талдау арқылы мәдени сабақтастықты анықтаудағы үлесі де кеңінен сипатталады. Сонымен бірге Г.Н. Потаниннің қазақ фольклорының жанрлық байлығын алғаш жүйелі түрде жариялаған ірі ғалым екенін атап өтеді. Зерттеу нәтижесінде халық шығармашылығы қазақ этносының рухани мәдениетін қайта құруда ғана емес, этногенез, салт-дәстүр, наным-сенім, тарихи сана секілді көптеген ғылыми мәселелерді кешенді талдауда басты дереккөзі ретінде бағаланатыны анықталады. Автор фольклорлық материалдарды этнография, тарих және мәдениеттанудың тоғысындағы әмбебап дерек ретінде қарастыру қажеттігін баса айтады. | ru_RU |
| dc.identifier.citation | Қапезов Е.С. Қазақ өлкесіндегі этнографикалық зерттеулеріндегі халық шығармашылығы мен рухани мәдениеттің орны/Е.С. Қапезов//Қазақстан - менің Отаным = Казахстан - мое Отечество. -2026. 186-190 б. | ru_RU |
| dc.identifier.uri | https://rep.buketov.edu.kz//handle/data/22103 | |
| dc.language.iso | other | ru_RU |
| dc.publisher | «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ баспасы | ru_RU |
| dc.relation.ispartofseries | Қазақстан - менің Отаным = Казахстан - мое Отечество;2026 | |
| dc.subject | Қазақ халық шығармашылығы | ru_RU |
| dc.subject | фольклор | ru_RU |
| dc.subject | этнография | ru_RU |
| dc.subject | этнографиялық зерттеулер | ru_RU |
| dc.subject | Ш.Ш. Уәлиханов | ru_RU |
| dc.subject | В.В.Радлов | ru_RU |
| dc.subject | В.В.Бартольд | ru_RU |
| dc.subject | классификация | ru_RU |
| dc.title | Қазақ өлкесіндегі этнографикалық зерттеулеріндегі халық шығармашылығы мен рухани мәдениеттің орны | ru_RU |
| dc.type | Article | ru_RU |