Моңғолиядағы қазақ диаспорасы мәселесінің тарихнамасы
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық Зерттеу Университеті
Abstract
Моңғолиядағы қазақ диаспорасы — бұл бұрыннан ғылыми айналымға енген ұғымдардың бірі. Моңғолиядағы қазақ диаспорасының қалыптасу және даму үдерістерін жеке тарихи және әлеуметтік құбылыс ретінде зерттеудің қажеттілігі қазақ халқының тарихын зерттеумен тығыз байланысты. Осыған байланысты мақалада қазақ халқының Моңғолияға қоныс аударуы және қазақ диаспорасының қалыптасуы мәселелерінің зерттелу деңгейі қарастырылған. Мақала қазақ диаспорасы мәселесінін тарихнамалық тұрғыдан қарастыруға арналған, қазақстандық және шетелдік зерттеушілердің негізгі ғылыми жұмыстарына сипаттама беріліп, оларға талдау жасалған. Авторлар тақырыпқа қатысты негізгі ғылыми жұмыстарды қарастыра отырып, тақырыптың ең көп зерттелген аспектілерін анықтайды: олар Моңғолиядағы қазақ диаспорасының пайда болу және қалыптасу тарихы және
қазіргі кезеңдегі моңғол қоғамындағы қазақтардың орналасу ерекшеліктері. Тарихнамаға жүргізілген талдау Қазақстанның Моңғолияға қатысты сыртқы саясатын жүзеге асырудағы жұмсақ күштің маңызды факторы ретінде қазақ диаспорасы туралы өте өзекті мәселе аз зерттелген мәселе болып қала беретінін дәлелдеуге мүмкіндік береді. Мақалада талдау жасалған жұмыстардың бірқатары соңғы он
жылдықта жарық көрген, мұның өзі қарастырылып отырған мәселенің қазіргі кезеңде де өзекті екенін әрі толық зерттелмегендігін дәлелдейді. Сонымен қатар Моңғолия территориясында өмір сүріп жатқан қазақ диаспорасының тарихын және даму заңдылықтарын терең әрі жан-жақты зерттеу үшін ғылым саласындағы Қазақстан-Моңғолстан қатынастарын нығайту және жалғастырудың қажеттілігі анықталған.
Description
Citation
Байжұма Г., Табылдиева О.Д., Садыкова А.М. Моңғолиядағы қазақ диаспорасы мәселесінің тарихнамасы./ Г. Байжұма , О.Д. Табылдиева , А.М. Садыкова// Қарағанды университетінің хабаршысы. «Тарих. Философия» сериясы.— 2025. — 30-т., 4(120)-шығ. — 45-55 б.