Көлік саласындағы инновациялық технологияларды дамытудың негізгі проблемалары мен перспективалары

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Акад. Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды ун-ті

Abstract

Көлік экономиканың барлық процестерінің байланыстырушы буыны болып табылады. Қазіргі уақытта экономикалық ортаны дамыту көлік саласының ұйымдастырушылық жұмысын айтарлықтай қайта құруды талап етеді. Цифрлық технологияларды енгізуге негізделген тиімді көлік-логистикалық процесс жүкті өңдеуге және жеткізуге, құжаттаманы рәсімдеуге және т.б. байланысты уақытты қысқартуға мүмкіндік береді. Осылайша, көлік саласының тартымдылығын арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. Алайда, ақпараттық технологияларды толық пайдалану үшін тасымалдауды ұйымдастыруға жүйелі және ғылыми көзқарас қажет. Халықаралық контейнерлік тасымалдардың өсу тенденциясын, жаһандық дистрибутивтік желілердің кеңеюін, тұрақты тасымалдау жүйелерінің дамуын және маршруттардың ұзындығын ескере отырып, бұл әсіресе еліміз үшін өзекті, жүктің орналасқан жері мен ағымдағы жағдайын бақылау мәселесі тасымалдаудың қауіпсіздігі мен сапасын арттырудың маңызды шарты болып табылады.

Description

Citation

Киздарбекова М.Ж. Көлік саласындағы инновациялық технологияларды дамытудың негізгі проблемалары мен перспективалары / М.Ж. Киздарбекова, И.М. Камзабеков, Ж. Жантуған // Көліктік инфрақұрылымды дамыту мәселелері. – 2024. – б. 86-91.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By