Ағылшын мәтіндерінде «ар-ұят» ұғымының зерделенуі
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
КарУ баспасы
Abstract
Мақалада «ар» мен «ұят» ұғымдарының ағылшын және қазақ тілдеріндегі мағынасына салыстырмалы талдау жасалған. Қазақ мәдениеті үшін «ар» мен «ұят» ұғымдарының мәні барлық басқа ұғымдардан жоғары екендігі зерделеніп, бұл ұғымдардың қазақ тілінде синоним ретінде қолданылуының себептері анықталды. Ағылшын тіліндегі анықтамалық сөздіктер, Уильям Годвин, Адам Смит, Джозай Ройс,
Эйнштейн, Чарльз Дарвин, Джордж Эдвард Мур және басқа да ойшылдардың ағылшын тілінде жазылған еңбектерін зерттеу негізінде ар-ождан мен ұяттың бөлек ұғымдар екендігіне дәлелдемелер қарастырылған. Егер ар-ождан адамның рухани әлеміне байланысты болса, ұят адамның сезіміне байланысты. Осыған орай, мақалада ар-ождан мен ұят ұғымдарының мағыналары ашылған. Бұл ұғымдардың адам өмірі үшін маңызы қандай, неге мәдениеттің бастауы ар мен ұяттан басталады
деген сұрақтар төңірегінде ғылыми тұжырымдар негізделген. Адамдардың тіршілігі қандай болу керек деген мәселе бойынша ұлы адамдардың асыл ойларына талдау жасалған.
Description
Keywords
Citation
Юнисов Е.А. Ағылшын мәтіндерінде «ар-ұят» ұғымының зерделенуі/Е.А. Юнисов, А.О. Турсынбаева, Ш.Б. Сагатова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy series. - 2022. - №1. - 205-213 бет.