Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі дәстүрлі және инновациялық құндылықтарды философиялық талдау

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті

Abstract

Мақалада Қазақстанның оңтүстік өңірлері тұрғындарының құндылық бағдарларының интерференциясы, яғни өзара әрекеттесу және ықпалдасу мәселелері кеңінен талданған. Бұл процестердің қоғамдағы әлеуметтік және мәдени тұрақтылықты сақтаудағы маңызы, олардың үйлесімділігін қамтамасыз етудің философиялық негіздері қарастырылған. Зерттеу барысында философиялық және әлеуметтік әдістер кешенді түрде пайдаланылды. Сонымен қатар, «құндылық» мәніне түсіндірме жасалып, философиялық тәсілдер арқылы анықталды. Құндылық — бұл тек абстрактілі ұғым емес, ол қоғамның мәдени негізін және жеке адамның рухани болмысын анықтайтын негізгі категориялардың бірі. Ол тарихи және мәдени тұрғыдан өзгеріп, қоғамның дамуымен бірге жаңа мазмұн алады. Осы тұрғыда, Қазақстанның оңтүстік өңірлері тұрғындарының қазіргі қоғамдағы дәстүрлі және инновациялық құндылықтардағы қажеттіліктерін талдау қажеттілігін байқадық. Сондықтан, құндылықтар жүйесінің қазіргі қоғамға сай үйлесімділігін анықтау міндеті қойылды. Бұл азаматтардың дәстүрлі құндылықтарды сақтай отырып, инновациялық құндылықтарды қабылдауына мүмкіндік береді. Мұндай тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін, біріншіден, дәстүрлі құндылықтардың терең мағынасын түсіну, екіншіден, азаматтардың сыни ойлауын дамыту маңызды деп ойлаймыз. Себебі, сыни ойлау қоғамдағы толассыз ақпаратты талдауы, оған дұрыс баға беруі, негізделген шешімдер қабылдауы және өзінің мінез-құлқын моральдық және жалпыадамзаттық құндылықтарға сәйкес құруына көмектеседі. Бұл қоғамның тұрақтылығы мен дамуына және жалпыадамзаттық мораль қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді. Зерттеу нәтижелері құндылықтардың трансформациясын философиялық тұрғыдан түсінудің маңыздылығын көрсетті. Дәстүрлі құндылықтардың тұрақтылық пен мәдени тұтастықты сақтаудағы рөлі екені анықталып, үйлесімді диалогта дамуы бағыттары нақтыланды. Қоғамның философиялық және мәдени тұрғыдан өзін-өзі тануын тереңдетіп, рухани және инновациялық құндылықтардың теңгерімін табуға бағытталған маңызды тұжырымдар жасалады.

Description

Citation

Сыздыкова М.Б., Әбікенов Ж.О. Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі дәстүрлі және инновациялық құндылықтарды философиялық талдау./ М.Б. Сыздыкова, Ж.О. Әбікенов// Қарағанды университетінің хабаршысы. «Тарих. Философия» сериясы. — 2025. — 30-т., 1(117)-шығ. — 352-363 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By