Бозоқ қалашығының ономастикалық және тарихи-мәдени ерекшеліктері

dc.contributor.authorТоқтарғазы, Ж.Қ.
dc.date.accessioned2026-03-16T04:29:57Z
dc.date.available2026-03-16T04:29:57Z
dc.date.issued2026
dc.description.abstractАстана қаласының солтүстік-шығыс бөлігінде, Есіл өзенінің сол жағалауында, Бозоқты көлінің шығыс жағында орналасқан Бозоқ қалашығының ономастикалық табиғаты мен тарихи-мәдени маңызы қарастырылады. Зерттеу барысында қалашық атауының шығу тегі, құрамындағы компоненттердің мағынасы, сондай-ақ өңірдегі тарихи топонимдермен байланысы талданады. Бозоқ қалашығының тарихи кезеңдері, оның археологиялық құрылымдары мен қоршаған табиғи-географиялық ортасы зерттеу нысаны болып табылады.Мақалада қалашықтағы тұрғын үй, өндіргіштік және мәдени нысандар, қорғаныс бекіністері, егіншілік пен суармалы жүйелер, сондай-ақ діни-ғибадаттық орындардың рөлі сипатталады. Археологиялық табылулар арқылы Бозоқ қаласының ортағасырлық өмір салты, әлеуметтік-экономикалық, әскери және рухани ерекшеліктері талданып, оның Қазақстан аумағындағы тарихи сабақтастығы мен этникалық мәдени жүйеде алатын орны айқындалады. Аймақта кең таралған топонимдердің егіншілікке қатысты, гидронимдік, фитонимдік және шаруашылық сипаттағы атаулар екені дәлелденеді. Сонымен қатар мақалада қалашық атауының, гидронимдердің және жер-су нысандарының топонимдік мәні қарастырылады. Бұл деректер Бозоқ қаласының ортағасырлық әкімшілік, сауда, әскери және діни орталық ретінде қалыптасуын, сондай-ақ қазіргі Астана қаласының тарихи негізін түсінуге мүмкіндік береді. Зерттеу ономастикалық, тарихи, археологиялық және мәдени тәсілдер арқылы қалашық пен аймақ тарихын кешенді сипаттауға бағытталған. Археологиялық табылулар мен ономастикалық деректердің интеграциясы Бозоқ қалашығын тек археологиялық ескерткіш ретінде емес, тарихи-мәдени, рухани және әлеуметтік- экономикалық орталық ретінде көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қалашық пен оның қоршаған табиғи-географиялық ортасының өзара байланысы зерттеліп, Бозоқтың Еуразияның ортағасырлық дала белдеуі тұрақты поселкелерінің ерекше түрі ретінде қалыптасқанын дәлелдейді.ru_RU
dc.identifier.citationТоқтарғазы Ж.Қ. Бозоқ қалашығының ономастикалық және тарихи-мәдени ерекшеліктері/Ж.Қ. Тоқтарғазы//Қазақстан - менің Отаным = Казахстан - мое Отечество. -2026. 249-254 б.ru_RU
dc.identifier.urihttps://rep.buketov.edu.kz//handle/data/22119
dc.language.isootherru_RU
dc.publisher«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ баспасыru_RU
dc.relation.ispartofseriesҚазақстан - менің Отаным = Казахстан - мое Отечество;2026
dc.subjectБозоқru_RU
dc.subjectономастикаru_RU
dc.subjectАстанаru_RU
dc.subjectтопонимru_RU
dc.subjectгидронимru_RU
dc.subjectархеологияru_RU
dc.subjectтарихи- ономастикалық жүйеru_RU
dc.subjectортағасырru_RU
dc.subjectмәдени-тарихи мұраru_RU
dc.titleБозоқ қалашығының ономастикалық және тарихи-мәдени ерекшеліктеріru_RU
dc.typeArticleru_RU

Files

Original bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
кон-249-254.pdf
Size:
846.71 KB
Format:
Adobe Portable Document Format
Description:

License bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
license.txt
Size:
1.71 KB
Format:
Item-specific license agreed upon to submission
Description: