Жоғары оқу орнында физика курсы бойынша деңгейлік тапсырмалар жүйесін құрудың ерекшеліктері

Abstract

Мақалада профессор Ж.А.Караев ұсынған үшөлшемді əдістемелік жүйенің педагогикалық технологиясы негізінде жоғары оқу орындарындағы студенттерге арналған физикадан деңгейлік тапсырмалар жүйесін құру мəселелері қарастырылған. Деңгейлік тапсырмалар жүйесінің мазмұны Б.С.Блумның мақсаттар таксономиясы негізінде құрылып, білімді игеру төменгі деңгейден жоғары қарай бағытталған траектория бойынша ұйымдастыру көзделген. Мұндай оқыту нəтижесінде дамыта оқыту жүзеге асырылып, іскерлік, түрткі, белсенділік, білім сапасы қамтамасыз етілді. Жоғары оқу орындарындағы оқыту үрдісін технологияландыруға сəйкес оқытуды ұйымдастырудың жаңа əдіс- тəсілдері мен формаларын тиімді пайдалануға, студенттерді танымдық іс-əрекетке ынталандыруға, олардың белсенділігін арттыруға, берілген оқу материалын толық меңгеруге, рефлексивті басқаруға, сонымен қатар оқу процесін педагогикалық технология негізінде жобалауға қолжеткізуге болатын мүмкіндік бағытына назар аударылған.

Description

Citation

Жоғары оқу орнында физика курсы бойынша деңгейлік тапсырмалар жүйесін құрудың ерекшеліктері /Б.У. Куанбаева, Г.К. Шамбилова, А.А. Муратбекова, К.Т. Байниева// Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика.=Bulletin of the Karaganda University. Pedagogy series.-2018.-№4.С.38-45

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By