Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша геноцид қылмысының объективтік жағы

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ баспасы

Abstract

Мақаланың басты мақсаты — қолданыстағы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің 168-бабында көзделген халықаралық геноцид қылмысы құрамының элементтерінің бірі — оның объективтік жағын талдау болып табылады. Осы орайда, авторлар арнайы және жалпы ғылыми әдістерді пайдалана отырып, аталмыш қоғамға қауіпті іс-әрекеттің сыртқы көрінісін беретін белгілерді қарастырумен ғана шектелмей, ақиқат шындығында оның мәнді, яғни қажетті белгілерін де жалғыз және арнайы БҰҰ-ның геноцид туралы Конвенциясы нормаларымен тікелей байланыстыра отырып анықтайды. Мақалада негізгі қорытындылар ретінде белгілі бір демографиялық топтың кем дегенде бір мүшесін өлтіру, сондай-ақ оның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлық дәрежеде зиян келтіру әрекетін де геноцид деп саралау қажеттілігі негізделген. Сонымен қатар тағы бір қол жеткізілген қосымша нәтижелер аясында осындай қорғалатын топ мүшелері психикасының бұзылуын да қылмыстың объективтік жағының міндетті белгісі көзқарасында тану туралы кезекті қорытынды жасалынған және аталмыш баптың нормаларын зерттеу барысында анықталған олқылықтарды ескере, негізделген дәлелдерге сүйене отырып, қайта талқылау маңыздылығын алға тартады. Мақаланың түйіні ҚР Қылмыстық кодексінің 168–бабының 1 тармағының мазмұнын жаңа редакцияда бекіту ұсынысымен толықтырылады.

Description

Citation

Аманжолов Ж.М. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша геноцид қылмысының объективтік жағы/Ж.М.Аманжолов, А.К.Адибаева, А.Е.Рысалдиева//Қарағанды университетінің хабаршысы. Құқық сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Право. = Bulletin of the Karaganda University. Law Series. -2022. №3. Б. 37-45.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By