Саяси дискурстың лингвоаксиологиялық əлеуеті (қазақстандық интернет-түсіндірме материалдары негізінде)
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Зерттеу нысанына қазақстандық саяси интернет-түсіндірмелер алынды. Оны таңдау əртүрлі
жанрлардың пайда болуына ықпал еткен ақпараттық технологиялардың дамуымен негізделді жəне тіл
мен адамның өзара байланысы лингвистикалық бағытта зерттелді. Зерттеудің мақсаты –
лингвоаксиологиялық мəтін сөзжасамы аспектілерінде қазақстандық саяси интернет-түсіндірмелердің
мəтін құрудағы құндылық факторын анықтау. Зерттеу пəні – интернет-түсіндірмелерде жүзеге
асырылатын бастапқы мəтіннің құндылық əлеуеті мен виртуалды тілдік тұлғаның құндылық
параметрлерінің арақатынасы. Бұл объектіні зерттеу үшін теориялық материалды жинау жəне
контекстік талдау əдістері, салыстырмалы, жалпылау, сипаттау əдістері жəне деректерді сандық өңдеу
əдісі қолданылды. Объектіні зерттеу формальды, мазмұндық жəне функционалдық жоспарларда
қарастырылатын туынды мəтіндердің мəтін сөзжасамы жəне лингвоаксиологиялық талдау моделіне
негізделді. Зерттеу нəтижелері қазақстандық интернет-түсіндірмелердің мəтіндері құндылық
əлеуетімен басым екенін көрсетті. Қарапайым саяси дискурстың құндылық əлеуетінің деңгейі туынды
мəтінді жасауда бастапқы мəтіннің қолданылатын кілтті сөздерінің санымен анықталды. Зерттеудің
ғылыми жаңалығы қазақстандық виртуалды кеңістікте интернет-түсіндірмелерді құрастыру мəтіндік
қызметтің доминантын лингвоперсонологиялық жəне лингвоаксиологиялық ұғынудан көрінеді.
Description
Keywords
Citation
Ерғалиева С.Ж. Саяси дискурстың лингвоаксиологиялық əлеуеті (қазақстандық интернет-түсіндірме материалдары негізінде)/С.Ж. Ерғалиева, М.А. Уайханова, С.В. Оленев//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2021. №3. 32-38 б.