Жарнама дискурсындағы визуалды код

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Мақала жарнама дискурсындағы визуалды кодтың қолданылу ерекшелігіне арналған. Жарнама көркем өнерді, оның ішінде бейнелеу өнерінің бай әлеуетін пайдаланады. Осы жұмыстың мақсаты — жарнама дискурсындағы визуалды кодтың функциясын анықтау. Визуалды ақпарат, иллюстрация, паралингвистикалық жазу құралдары креолизденген мәтін құрудың маңызды элементіне айналғандығы анық. Ұлттық тіл білімінде бұл бағыттағы зерттеулердің тапшылығы зерттеу тақырыбының өзектілігін танытады. Зерттеуде жарнама дискурсындағы мәтіннің орнына қолданылған логотиптер, логотиптердің маңызды аспектісі ретінде мәтіннің графикалық бейнесі, әріптерді таңдаудың маңыздылығы, түстердің символизмі қарастырылады. Визуалды кодтың теориялық аспектілері сипаттамалық әдіс арқылы зерттеліп, визуалды код назар аудартудың, эмоция тудырудың, ақпарат берудің, жарнамаланатын өнім туралы қызығушылықты тудырудың көзі ретінде тұжырымдалады. Тақырыпқа қатысты жинақталған материалдар мен пікірлер жүйеленген, дискурстық және когнитивтік талдау әдістері арқылы визуалды код функциясы анықталған.

Description

Citation

Жуманбаева Р.О. Жарнама дискурсындағы визуалды код / Р.О. Жуманбаева, Л.Ә. Еспекова // Eurasian Қарағанды университетінің хабаршысы. «Филология» сериясы. — 2024. — Vol.29. №3(115). —141-148 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By