Солтүстік Тянь-Шань табиғи флорасындағы Rosaceae Juss. тұқымдасының дəрілік өсімдіктерін жерсіндіру
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Rosaceae Juss. тұқымдасы космополиттік өсімдіктер, жер шарының көп бөлігіне таралған, олардың
арасында тағамдық, сəндік түрлермен қатар дəрілік түрлерде кездеседі. Бүгінгі таңда дəрілік
өсімдіктердің қолданылу əлеуетін арттыру оларды табиғи флорадан бөлек кешенді зерттеу, өсіру жəне
түрлерді сақтап қалу кезек күттірмейтін маңызды мəселелердің бірі. Мақалада Rosaceae Juss.
тұқымдасының Қазақстандық түрлері, олардың өсу ерекшеліктері мен таралу аймағына тоқталып,
əдеби мəліметтер мен интернет көздеріне сəйкес жойылып кету қаупі бар түрлерге қысқаша сипаттама
берілді. Сондай-ақ Алматы қ. Бас ботаникалық бағындағы əлемдік жəне Қазақстан флорасынан
жерсіндірілген Rosaceae Juss. тұқымдасының 30 түрінің жерсіндіру ерекшеліктеріне тоқталып,
Солтүстік Тянь-Шань флорасының Rosaceae Juss. тұқымдасының жерсіндірілген 7 дəрілік түрінің
(Agrimonia asiatica Juz., Filipendula ulmaria (L.) Maxim., Filipendula vulgaris Moench, Potentilla
argentea L., Potentilla recta L., Fragaria vesca L. жəне Fragaria viridis (Duch.) Weston) жерсіндіру
көрсеткіштеріне (фенологиялық бақылау көрсеткіштері мен тұқым сапасы) талдау жасаған. Авторлар
жерсіндірудің табысты индексі негізінде алынған жерсіндіру мəліметтеріне қысқаша қорытынды
берген.
Description
Citation
Ерекеева С.Ж. Солтүстік Тянь-Шань табиғи флорасындағы Rosaceae Juss. тұқмдасының дəрілік өсімдіктерін жерсіндіру/С.Ж. Ерекеева [және т.б.]//Қарағанды университетінің хабаршысы. Биология. Медицина. География сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия Биология. Медицина. География. = Bulletin of the Karaganda university. Biology. Medicine. Geography Series. -2021. №1. 29-37 б.