Профессор Ақселеу Сейдімбек және түркілік тұтастану идеясы

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті

Abstract

Түркі тектес халықтардың түбі бір. Олардың өмір салты, наным–сенімдері, тілі, ділі ортақ. Алайда ХХ ғасыр басындағы әлемдегі өзгерістер, оның ішінде кеңес заманы кезіндегі идеялық, саяси-әлеуметтік қақтығыстар Орта Азия мен Қазақстанның, қала берді әлемнің түркі тектес халықтарының бірлігі мен тұтастығына зор нұқсан келтірді. Ұлт мүдделері де зардап шекті. Ал түркология ғылымы тілдік, ориенталистік шеңбермен шектеліп, Шығыстанудың бір саласы ретінде ғана қарастырылды. Өткен ғасырдың екінші жартысында әлемде жаһандану процесі жүрсе, соңына қарай Кеңестер Одағының құрамында болған мемлекеттер өз дербестіктеріне қол жеткізді. Осы Тәуелсіздіктің арқасында түбі бір түркі тектес этностардан құралған мемлекеттер өзара қарым-қатысқа, әр тарапты байланыстарға мүмкіндік алды. Соның негізінде саяси және ғылыми әдебиеттерде түркілік тұтастану мәселесі көтерілуде. Біздің ойымызша бұл заман талабы. Tәуелсіздік жылдарында түріктанушы ғалымдарымыз жоғарыда кеткен ағаттықтарға назар аударып, түркологияның көкжиегін кеңейтті. Әсіресе, түркі елдерінің тұтастану процесінің саяси-әлеуметтік, болмыстық-дүниетанымдық жақтарына көңіл бөліне бастады. Автор мақалада түркітану ғылымына белгілі деңгейде үлес қосқан профессор Ақселеу Сейдімбектің еңбектеріндегі түркілік тұтастану идеясын зерделеуді мақсат еткен.

Description

Citation

Симұқанова Г.С. Профессор Ақселеу Сейдімбек және түркілік тұтастану идеясы./ Г.С. Симұқанова// Қарағанды университетінің хабаршысы. «Тарих. Философия» сериясы. — 2025. — 30-т., 1(117)-шығ. — 343-351 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By